Екібастұзда үшінші жылыжай салынуда

3 Тамыз 2019, 07:26
1615
Бөлісу:
Екібастұзда үшінші жылыжай салынуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа жылыжай кешені голландиялық технология бойынша қызанақ өсіретін болады. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің Екібастұзға жұмыс сапары барысында KBI Energy ЖШС техникалық директоры Жангелді Абылғазин мәлімдеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Біз  Greenhouse-Qaztomat ЖШС үшін № 1 жылыжай кешенін салудамыз. Оған бір гектарға арналған көшет бөлімшесі кіреді. Жылыжайдың жалпы аумағы - 50 гектар: жылыжай кешенінің өзі 20 гектарды алады, оған қоса сервистік аймақ пен инженерлік желі кіреді. Жоспар бойынша тамыз айының бірінші онкүндігінде көшеттерді, бір айдан кейін - өсімдіктерді ауыстыру үшін жылыжайдың өзін тапсырамыз", - деп түсіндірді Жангелді Абылғазин.

Ол сондай-ақ жылыжай голландтық технология бойынша салынғанын, барлық жабдықтар сатып алынғанын атап өтті.

Құрылысты шетелдік мамандар бақылайды. Еске сала кетейік, бұл Екібастұзда жылыжай салу бойынша алғашқы жоба емес. Greenhouse-Qaztomat ЖШС-нің раушан гүлдерін өсіру бойынша және голланд қызанақ өндіру бойынша екі жылыжай кешені бар. Бүгін нысанда мердігерлік ұйымдардың қызметкерлерімен бірге 234 адам жұмыс істейді. 


Өзгелердің жаңалығы