Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал

3 Тамыз 2019, 08:17
1360
Бөлісу:
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 тамызда ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, республика бойынша кей жерлерде найзағаймен бірге жаңбыр жауады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.


Бұл күні еліміздің оңтүстігінде жауын-күн ашық болады. Кей жерде жел күшейеді, дауыл, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл көтеріліп, бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында дауыл күтіледі, жел 15-20, кей жерде екпіні 23-28 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде дауыл тұруы мүмкін, кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, күндіз Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерінде жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысында түнде және таңертең жел 18-23 м/с күшейеді, шаңды дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.



Өзгелердің жаңалығы