Все новости за 17 маусым 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қызылорда-Анталия әуе бағыты ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда-Анталия бағыты бойынша рейс ашылды. Бұл туралы Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.
-
«Бақытты отбасы»: 1600 пәтер дайын тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2 пайыздық үстемеақымен несие беруді келесі аптада бастауы мүмкін. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.
-
Қазалылық тұрғын алма бағын өсіріп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйтеке би кентінің тұрғыны Нәби Жидебай Басықара ауылынан бес шақырым жердегі ескі дарияның орнынан алма бақ өсіруді қолға алып, 5 гектар жерге алма, алмұрт және жүзімнің көшеттерін егіп тастады. Бұл туралы Kyzylorda-news.kz сайты хабарлайды.
-
Балқашта әуе жыландар фестивалі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балқашта туристік форум шеңберінде алғаш рет әуе жыландары фестивалі ұйымдастырылды. Жастар ресурстық орталығы және қалалық оқушылар сарайы бұл шараға бастамашы болды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
-
Тарбағатайдағы халықаралық айтыста бес ақын жүлдегер атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Айтыс үш күнге созылған «Тұғыры биік Тарбағатай» атты халықаралық спорт және өнер фестивалі аясында ұйымдастырылды. Елге белгілі кәсіпкер Дулат Тастекеевтің демеушілігімен «Туған жерге туыңды тік» атты халықаралық жыр додасы осымен төртінші рет өткізіліп отыр. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
-
«Нұрлы жер»: өтінімдер қабылданып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 маусым күні «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданында салынған 9 қабатты үйлерден бос пәтерлерді сатып алуға (конкурссыз) өтініштер қабылдана бастады. Барлығы 529 пәтер бар. Бұл туралы aktobenews.kz сайты хабарлады.
-
Павлодарлық оқушы республикалық олимпиадада абсолютті жеңімпаз атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Шалтай Смағұловтың атындағы математикалық олимпиадада №8 мектептің 6-сынып оқушысы Владимир Роговский үздік нәтиже көрсетті. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
-
Қазақстандағы тұрғын үй нарығының көрсеткіштері қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сарапшылардың айтуынша, жылжымайтын мүліктің нарықтағы бағасы өсе береді. Бұл туралы strategy2050.kz сайты хабарлайды.
-
Өскеменде көгалдандыру жобасына қосымша көшелер енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шенеуніктердің сөзінше, жаңа ағаштар мен гүлзарлар Сәтпаев даңғылы, Жібек жолы және Тоғас көшелерінде отырғызылмақ. Бұл туралы buqara.kz сайты хабарлайды.
-
"Алтай" волейбол клубының әйелдер командасы жақсы жетістіктерге қол жеткізуде
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Алтай» волейбол клубы үшін өткен маусым оңайға соқпады. Бұған біріншіден қарсыластардың күшеюі себеп болса, екіншіден қатысатын чемпионаттар санының көбейіп, қосымша жүктеменің артуы. Бұл жөнінде «Алтай» волейбол клубының директоры Досжан Уалханов айтып берді.
-
Елордалық полицейлер құқық бұзушыны ұстауға көмектескен қала тұрғындарын марапаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда ерлігі, қырағылығы, белсенді азаматтық ұстанымдары үшін полиция департаменті басшылығының атынан №27 және №37 орта мектептердің оқушылары Ділнұр Амангелдиев пен Данияр Асқаров алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды. Бұл туоалы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
-
Елордада «Жолда қабылдау» акциясының қорытындысы шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда екі күн бойы жергілікті, әкімшілік және көші-қон полициясы қызметкерлері «жолдағы қабылдау» акциясы аясында азаматтардың түйткілді сұрақтарына жауап берді, деп хабарлады елорда әкімдігінің сайты.
-
Алматы, Шымкент қалалары және бірқатар облыс әкімдері тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қарағандыда «Нұрлы жер» аясында биыл 4300 пәтер пайдаланылуға берілмек
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Халықты қолжетімді баспанамен қамту мақсатында іске асырылатын «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында Қарағанды өңірінде бірқатар шаралар атқарылуда. Үстіміздегі жылы бағдарлама аясында 420 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілмек.
-
Алматыда мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада өтті
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті және Алматы қаласының спорт басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлер күніне орай спартакиада өтті.
-
Дзюдодан отандық төрешілер «Continental» сертификатын алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11-17 маусым күндері Таиландта дзюдо спортынан төрешілерге арналған халықараалық «IJF Continental» емтихан семинары өтті, деп хабаралады Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі.
-
ҚХА төрағасының орынбасары ТМД елдері дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев Грузия, Литва және ТМД елдері дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесті.
-
Асқар Мамин жаңа министрлерді таныстырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Асқар Мамин жаңа ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы, сондай-ақ, жаңадан құрылған ҚР сауда және интеграция министрлігінің басшысы Бақыт Сұлтановты, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің министрі Мағзұм Мырзағалиевті таныстырды.
-
Өзі – генерал, әйелі – полковник
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әскер, құқық қорғау органдарында жүрген азаматтардың жеке өмірлеріндегі ұстанымдарын, бос уақытта немен айналысатынын көп біле бермейміз. Ендеше ҚР ІІМ қарасты төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер тілшілерге айтқан құпиясымен бөлісуді жөн көрдік.
-
Алматыда «Баршаға денсаулық» атты VI-шы халықаралық конгресс өтіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда медициналық-санитариялық алғашқы көмекке арналған «Баршаға денсаулық» атты жыл сайынғы VI-шы халықаралық конгресс өтіп жатыр.
-
Мемлекеттік күзет мәселесі басты назарда болады – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінің басқарушы құрамымен кездесті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Есікте «Сақ алауы» атты музей түні өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Сақ алауы» тақырыбымен «Музей түні» өтті.
-
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен Мағзұм Мырзағалиев ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
ҚР Сауда және интеграция министрлігі құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
-
Бақыт Сұлтанов министр болып тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Қарағанды облысының полицейлері балаларға арналған мультфильм жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандылық тәртіп сақшылары «Полицей болғым келеді» атты мультфильмін жасады. Оны Қарағанды қаласының мектеп жанындағы лагерьлерде көрсетті. Қысқа метражды анимациялық фильм полиция департаменті басшылығының тапсырмасы бойынша әзірленді.
-
Нетаньяху Иранды танкерлерге шабуыл жасады деп айыптады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Оман шығанағындағы мұнай танкерлеріне жасалған шабуылдарды "Иранның агрессиясы" деп атап, әлемдік қауымдастықты оны тоқтатуға шақырды. Бұл туралы "РИА новости" сайты хабарлады.
-
Павлодар облысында суырмалы егістік алқаптары 90 мың гектарға жуықтады
Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде суармалы егіншілік қарқынды дамып келеді. Биылғы жылы агроөнеркәсіп саласын дамытудың кешенді жоспары шеңберінде суармалы егіншілік жерлері 90 мың гектарға жетті.
-
Мәдениет және спорт министрі ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының жарлығымен мәдениет және спорт министрі ауысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Қоғамдық келісімнің жаңа құрамы бекітілді
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Түркістан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен облыстық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы болып өтті.
-
Мамандар көшеден тамақтанудың қауіптілігін көрсетті
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы «Атакент» көрме кешенінде көшеден тамақтанудың қауіпсіздігіне бағытталған акция өткізді.
-
Нұр-Сұлтанның экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мәжілістің Экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің отырысында белгілі болды.
-
IDY-2019. Еліміздің 9 қаласында йога фестивалі өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан бойынша 15-22 маусым аралығында Халықаралық йога күні атап өтіледі.
-
Польшадағы Qazaq kuresi Еуропа чемпионаты қалай өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Маусымның 7-8 күндері Польшаның Вроцлав қаласында Qazaq kuresi Еуропа чемпионаты өтті. Кәрі құрлықтың 24 елінен келген 120 жуық спортшы кілемде қазақша күресіп, өзара мықтыны анықтаған болатын. Назарларыңызға чемпионат кадрларын ұсынамыз.
-
Алматы облысында 73,2 шақырым жол орташа жөндеуден өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Алматы өңірінде республикалық маңызы бар 73,2 шақырым жол орташа жөндеуден өтеді.
-
Елордалық полицейлер жоғалып кеткен облыс тұрғынын тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық полицейлер хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 39 жасар Ақмола облысының тұрғынын тапты.
-
Қазақфильм "Мұқағали" фильмінің түсірілімін бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақфильмде» «Мұқағали» көркем фильмінің түсірілімі басталды. Картина ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жайында сыр шертеді.
-
Мәжіліс экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кандидатурасын мақұлдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысы өтіп, депутаттар Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындау туралы Мағзұм Мырзағалиевтың кандидатурасымен келісті.
-
Парижге жол тартқан бірегей ретрокөліктер Павлодарға аялдады
Павлодар. BAQ.KZ. Әлемге танымал «Бейжің-Париж» раллиінің қатысушылары жол-жөнекей Павлодарға соқты. Ретрокөліктердің ішіндегі ең ескі темір тұлпардың жасы 112 жылдан асыпты.
-
Арыстанбек Мұхамедиұлы қызметінен кететін болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында белгілі болды.
-
Алдағы тәулікте ауа райы жаңбырлы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 18-20 маусым аралығында ауа райы жауын-шашынды болатынын хабарлады.
-
«Астана Операда» елес қыздар пайда болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ең көне әрі бүгінгі күнге дейін жеткен спектакльдердің бірі – А.Аданның «Жизель» балеті елорда тұрғындары мен қонақтарына ұсынылды.
-
"Бейжің - Париж" ретро раллиіне қатысушылар елордаға келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 маусымда VII «Бейжің - Париж» халықаралық ретро раллиге қатысушылар елордаға ат басын бұрады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының спорт және мәдениет басқармасы хабарлады.
-
Бөкенбай батырға ескерткіш орнатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әуежай маңына Бөкенбай Қарабатырұлының ескерткіші қойылды. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.
-
Елімізде бензин импорты бір жылда 94% қысқарған
Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың қаңтар-наурыз қорытындысы бойынша Қазақстан бензин сұранысының 98,2% және дизел отынының 93,1% өзі қамтамасыз етіп отыр. Бұл туралы Energyprom.kz хабарлады.
-
ҚТЖ стоп-кранды жұлғаны үшін төленетін айыппұл туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
-
35 жастағы семейлік жігіт 60 рет қан тапсырыпты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаншама өмірді аман алып қалған Сергей Мельниченко небәрі 35 жаста. Жылдар бойы донор болып келе жатқан Сергей бір адамға болсын ғұмырын ұзартуға пайдаcы тигенін қалайды. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
-
Елордада "Еуразия" кинофестивалі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 маусым мен 6 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласында XV Халықаралық "Еуразия" кинофестивалі өтеді.
-
Құзға өрмелеу фестивалінің қатысушылары Оқжетпесті бағындырды
Бурабай, BAQ.KZ тілшісі. 15-16 маусымда Бурабай курорттық аймағында Жастар жылы аясында құзға өрмелеуден «Бурабай-2019» республикалық фестивалі өтті.
-
Мүмкіндігі шексіз
Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Адамның мүмкіндігі шексіз. Тәндегі кей кемшіліктер өмірде қиындықтар тудырғанымен алға мақсат қойып, соған жете білу, тағдырдың басқа салған ауыртпалығына төтеп беру – қайсар мінезден. Өзгелердей зыр жүгіріп кете алмаса да ол ешқашан жасыған жоқ. Екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс бастап, кәсіп ашып отырған Сәлімхан Сәбитовты көпке үлгі етуге әбден болады.
-
Мемлекет басшысының өкімімен бірқатар шенеунік қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
-
Ресей мен АҚШ ядролық қаруын жетілдіруді жалғастыруда
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институтындағы (SIPRI) баяндамада ядролық қаруы бар елдер оны жетілдіруді жалғастырып жатқаны айтылды. Алайда 2018 жылы олар өз қару санын қысқартқан.
-
Ертіс өңірінде жылдың соңына дейін 40 сумен қамту нысаны іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауылдық аймақтардың тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 2019 жылы 1 млрд теңге қаражат бөлінген. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
-
Қазақстан елшісі Сауд Арабиясы Короліне сенім грамоталарын тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әл-Салам сарайында Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі елшісі Берік Арын Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Азиз Әл Саудқа сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
-
Өскеменнің басым бөлігінде 4 күн ыстық су болмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменнің кейбір көшелерінде 4 күн бойы ыстық су болмайды. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
-
«Астана» клубына Исландия құрамасының ойыншысы келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана» клубы Исландия құрамасының жартылай қорғаушысымен келісімшартқа отырды.
-
Жүрек аурудан ғана емес, пиғыл, пейіл жағынан да таза болуы керек – Сейтхан Жошыбаев
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде кардиохирургия дамудың жаңа сатысына көтерілді.
-
Үш жарым мыңнан астам әскери қызметкер баспаналы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әскери қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үлгісіне сәйкес, 2018 жылдың қаңтарынан бастап ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметкерлер үшін тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін қазіргі заманғы жүйеге ауыстырылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты өтетін қала анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) мәнерлеп сырғанаудан 2022 жылы әлем чемпионатын қабылдайтын қаланы анықтады. Әлемдік доданы Францияның Монпелье қаласы өткізеді деп хабарлады Olympic.kz.
-
Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.
-
Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 17 маусым күні еліміздің бірнеше облысында найзағай жарқылдап, дауыл соғатынын ескертті.
-
"Астаналық" велошабандоз Франциядағы көпкүндікте бірінші орын алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана» велокомандасының шабандозы Якоб Фульсанг Францияда өткен «Критериум Дофине» көпкүндігінде бірінші орын алды.
-
Үш ауылда 104 жоба жүзеге асырылады
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Ауыл – ел бесігі» жобасын жандандыру үшін Жамбыл облысына 2 миллиард 770 миллион теңге бөлінген. Сонымен қатар перспективалық 163 ауыл тізімге енген.
Биылға Байзақ ауданындағы Сарыкемер, Жамбылдағы Аса, Шудағы Төле би ауылдары белгіленген. Бұларда 1
-
Бүгін бұршақ жауып, жел күшейеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерінде жаңбыр жауады, тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және солтүстік-батыста күн ашық болады. Кей жерде найзағай, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
Наверх