Елордада «Жолда қабылдау» акциясының қорытындысы шығарылды

17 Маусым 2019, 19:27
1640
Бөлісу:
Елордада «Жолда қабылдау» акциясының қорытындысы шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда екі күн бойы жергілікті, әкімшілік және көші-қон полициясы қызметкерлері «жолдағы қабылдау» акциясы аясында азаматтардың түйткілді сұрақтарына жауап берді, деп хабарлады елорда әкімдігінің сайты.

Қала тұрғындары мен көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің аулаларында елордалық полицейлер 5 жылжымалы және 8 азаматтарды қабылдау пунктін ұйымдастырды. Сондай-ақ, акция аясында «шұғыл желі» жұмыс істеп, ол жерге тұрғындардан 149 сауал түсті. Бұл жолы тәртіп сақшылары «Жолдағы қабылдау» акциясын тұрғын үй кешендері мен көппәтерлі үйлердің аулаларында өткізді. Азаматтарды қабылдауды учаскелік полиция инспекторлары ПИК-пен және басқарушы ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп жүргізді.

Қала тұрғындарының көптеген өтініші сол жерде шешілген болатын. Акция барысында тәртіп сақшыларына кеңес алуға 1800-ге жуық азамат, 300-ден астам тұрғын үй кешендерінің тұрғындары өтініш білдірді. Азаматтарды негізінен әкімшілік айыппұл төлеу мәселесі қызықтырды, олар бойынша 600-ден астам адам жүгінген, көлік құралын тіркеу – 286 адам, жүргізуші куәлігін беру – 200-ден астам және көші-қон заңнамасы бойынша – 70-ке жуық азамат.

«Жолдағы қабылдау» акциясын өткізу барысында полиция қызметкерлеріне мамандандырылған ХҚКО-ның аумағында кішкентай баласы бар жас әйел жүгінді. Полицейлер әйелді кепіл ауыртпалығын шешу мәселесі бойынша кезектен тыс қабылдады. Құқық қорғау органдары құжаттарын қабылдады, тізімдегі жазба жойылды және дереу ақпараттық анықтама берілді. Әйел полицейлерге түйткілді мәселені шешудегі жеделдігі үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторына қала тұрғыны алғысын білдірді. Ол әйел полицияға хабарласып, оны ұрған көршісіне қатысты шара қолдануды сұрады. Аталған факті бойынша учаскелік полиция қызметкеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, іс жүргізу шешімін қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберілді.


Өзгелердің жаңалығы