«Нұрлы жер»: өтінімдер қабылданып жатыр

17 Маусым 2019, 21:13
1489
Бөлісу:
«Нұрлы жер»: өтінімдер қабылданып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 маусым күні «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданында салынған 9 қабатты үйлерден бос пәтерлерді сатып алуға (конкурссыз) өтініштер қабылдана бастады. Барлығы 529 пәтер бар. Бұл туралы aktobenews.kz сайты хабарлады.

Атап айтқанда, «Нұр-Ақтөбе» тұрғын массивінің 3-шағын ауданындағы №10,12 үйлерде, 4-шағын аудандағы №17 үйде 1, 2, 3 бөлмелі пәтерлер беріледі. Барлығы да таза әрлеудегі үйлер.

«Бір бөлмелі үйлердің шаршы метрі 120 мың теңгеден, екі бөлмелі үйлер — 135 мың және үш бөлмелі үйлердің шаршы метрі 130 мың теңгеден сатылады. Бұл нарықтағы ең арзан бағалар. Далпы алғанда пәтер бағалары үй аумағына қарай 6 288 000-11 973 000 теңге аралығында. Алғашқы жарна 20 пайыздан басталады. Яғни, 6288000 теңгенің бір бөлмелі пәтерін алғыңыз келсе, шамемен 1260000 теңге қаражатыңыз болса, жеткілікті. Несие жылдық 5 пайызбен беріледі. Брондау туралы өтінімдерді тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кеңсесіне келіп беруге болады», - дейді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі облыстық филиалының қызметкері Мақсат Зайтов.

Өзгелердің жаңалығы