Павлодарлық оқушы республикалық олимпиадада абсолютті жеңімпаз атанды

17 Маусым 2019, 20:54
1660
Бөлісу:
Павлодарлық оқушы республикалық олимпиадада абсолютті жеңімпаз атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Шалтай Смағұловтың атындағы математикалық олимпиадада №8 мектептің 6-сынып оқушысы Владимир Роговский үздік нәтиже көрсетті. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

Алматыда өткен білім додасына еліміздің әртүрлі аймақтарынан 6-7 сынып оқушылары қатысты.

«Аталған олимпиаданың өңірлік деңгейінен сүрінбей өткен №8 мектеп оқушылары республикалық сынға қатысу құқығына ие болды. Команда құрамына енген 12 оқушы жүлделі орындар және грамоталармен марапатталды. Владимир Роговский олимпиадада жалғыз болып тапсырманы толығымен орындап, абсолютті көрсеткішке қол жеткізді , - дейді мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Ирина Макаренко.

Одан бөлек, алтыншы сынып оқушысы Анастасия Одинцова - екінші орынды ұтып алды. 7-сынып оқушылары арасында Тимофей Хачунский мен Дарья Носова үшінші орынға ие болды. Сондай-ақ, жеті павлодарлық оқушы олимпиаданың мақтау қағаздарын иеленді.

Олимпиада аяқталғаннан кейін математикадан №8 мектеп құрамасы Алматының «Әл-Фараби» олимпиадалық мектебінде оқу-жаттығу жиынына қатысуда.

Өзгелердің жаңалығы