Асқар Мамин жаңа министрлерді таныстырды

17 Маусым 2019, 17:48
1724
Бөлісу:
Асқар Мамин жаңа министрлерді таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Асқар Мамин жаңа ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы, сондай-ақ, жаңадан құрылған ҚР сауда және интеграция министрлігінің басшысы Бақыт Сұлтановты, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің министрі Мағзұм Мырзағалиевті таныстырды. 

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Үкімет басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына мәдениет, спорт, туризм салаларының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. 

Асқар Мамин жаңа министрлерді таныстырды

«Арыстанбек Мұхамедиұлы – тәжірибесі мол басшы. Министр қызметінде бес жыл ішінде қарқынды жұмыс істеп, осы саланың өзекті мәселелерін шешуге қатысты нәтижелі жұмыстарды атқарды», — деді Асқар Мамин.  

Өз кезегінде, А. Мұхамедиұлы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа туризм, мәдениет және спорт салаларын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асырудағы өзіне артылған сенім мен көрсеткен қолдауларына алғысын жеткізді. 

Асқар Мамин ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұжымына жаңа басшыны таныстыру барысында Ақтоты Райымқұлованың аталған саладағы жоғары біліктілігін атап өтіп, ведомство алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізуде табыс тіледі. А. Райымқұлова Мәдениет және спорт министрлігінің құрылымында 6 жылға жуық уақыт жұмыс істеп келеді, 2016 жылғы қазаннан бастап вице-министр қызметін атқарған. 

Асқар Мамин жаңа ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ұжымымен кездесуде Б. Сұлтановтың басшылық қызметтердегі көп жылдық жұмыс тәжірибесін атап өтті. 

«Б. Сұлтановтың жаңа мемлекеттік органның жұмысын ұйымдастыруға және қойылған міндеттерді сапалы орындауға қажетті мол тәжірибесі бар», — деді А. Мамин. 

ҚР Премьер-Министрі Б. Сұлтановтың Мемлекет басшысының үлкен сенімін ақтап, жаңа Министрліктің алдында тұрған маңызды міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз ететініне сенім білдірді. 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті таныстыра отырып, оның жоғары біліктілігі мен жұмыс тәжірибесін атап өтті. 

Асқар Мамин жаңа министрлерді таныстырды

«Президент Сізге, өте маңызды бағытты басқаруды және жаңа мемлекеттік органның жұмысын ұйымдастырып, қойылған міндеттерді орындауды сеніп тапсырды», — деп ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, барлық ұйымдастыру мәселелерін жедел шешуді және жұмысқа кірісуді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы