Алматыда мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада өтті

17 Маусым 2019, 18:35
2408
Бөлісу:
Алматыда мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада өтті

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті және Алматы қаласының спорт басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлер күніне орай спартакиада өтті.

Маусымның 15-16 күндері Динамо стадионында өткен спартакиадаға Алматы қаласы мемлекеттік қызметкерлерінен құралған 215 команда қатысты. Аталған шара мемлекеттік қызметкерлер арасында бұхаралық спортты насихаттау мақсатында жыл сайын өтіп тұрады.

Спартакиадаға қатысушылар арқанмен өрмелеу, волейбол, жеңіл атлетика, шағын-футбол, үстел теннисі, шахмат, гір тасын көтеру, қол күресі сияқты спорттың сегіз түрінен бақ сынасты.

Сайыстың қорытындысы бойынша Спорт басқарамасының командасы бірінші орынды иеленді. Екінші орын Мемлекеттік табыс департаментінің командасына бұйырды, ал үшінші орынды Наурызбай ауданы әкімшілігінің аппараты жеңіп алды. Сайысқа қатысқан барлық командалар кубок және медалдармен марпатталды.

 

Өзгелердің жаңалығы