Арыстанбек Мұхамедиұлы қызметінен кететін болды

17 Маусым 2019, 13:48
1925
Бөлісу:
Арыстанбек Мұхамедиұлы қызметінен кететін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында белгілі болды. 

Кіші палатаның баспасөз қызметінен хабарлағандай, бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтіп, Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындау туралы Ақтоты Райымқұлованың кандидатурасымен келісті.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес комитет отырысында қаралды.

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша кандидатты Премьер-министр кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері А. Райымқұловаға бірқатар сұрақтар қойды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитеті отырысының қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ұсынған Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлованың кандидатурасы Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынылды.


Өзгелердің жаңалығы