Все новости за 15 наурыз 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Үкіметтің жұмыс тобы Маңғыстау облысында жүр
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шалғай аймаққа жұмыс сапарымен келген Үкімет мүшелерін Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастап жүр.
-
Астана Балет «Ұлы дала мұрасын» көрсетеді
Астана, BAQ.KZ. Бұл туралы «Астана Балет» театрының баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Нұрлы көш ауылына 280 орындық балабақша салынады
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев ауылдың бастамашыл топ өкілдерімен өткізген көшпелі жиын барысында мәлімдеді.
-
Шымкенттегі Әз Наурыз. 7 күндік бағдарламасы шықты
Шымкент. BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Шымкент әкімдігінің жанындағы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әбдіжаппар Сәкен хабарлады.
-
Шарын шатқалында заманауи ойын сауық паркі салынады
Астана, BAQ.KZ. Заманауи ойын сауық паркінің құрылысына 1,5 млрд теңге жұмсалмақ. Бұл туралы Алматы облысы Кеген ауданының әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
-
ІІМ Қоғамдық кеңесінің төрағасы сайланды
Астана, BAQ.KZ. Бұл туралы ІІМ Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысында белгілі болды.
-
Еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейе түседі
Астана, BAQ.KZ. Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ хабарлады.
-
Қазақстанда ТҮКШ секторын жаңғыртуда Фин технологиясы пайдаланылады
Астана, BAQ.KZ. Биыл наурыз айында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ, «Үлгілік және тәжірибелік жобалау ғылыми-зерттеу институты (ҮТЖҒЗИ)» ЖШС және «AINS Group» ЖШС өткен жылдың қазан айында Мемлекет басшысының Финляндияға сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес ынтымақтастық туралы меморандумға қосымша үшжақты келісімге қол қойды.
-
Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстанның автоөндірушілері арасында келісімге қол қойылды
Астана, BAQ.KZ. 15 наурыз күні Ташкент қаласында (Өзбекстан) Бірінші Орталық Азия экономикалық форумы аясында GM «Uzbekistan» және «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС ірі автоөндірушілері арасында өндірісті дамыту бойынша келісімшартқа қол қойылды.
-
Алматыда обырға қарсы ашық есік күні өтеді
Алматы, BAQ.KZ. Әйелдерге арналған ашық есік күні Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында ертең сағат 09:00-15:00 аралығында өтеді.
-
Кәсіпкерлер көпбалалы 3 отбасыға үй алып берді
Талдықорған, BAQ.KZ. Алматы облысының Кербұлақ ауданының кәсіпкерлері көпбалалы, әрі жалғыз басты 3 бірдей отбасыға үй алып берді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
-
Қарағанды-Балқаш автожолын қайта жаңғырту биыл басталады
Астана, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды.
-
Шпекбаев: Бір жылда 5 офицер жемқорлық бойынша жауапкершілікке тартылды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жемқорлықпен күрес мәселесінде жемқорлықпен күресушілердің өзі таза болу керек екендігін айтты.
-
Димаштың концертіне билет алуды ұмытпаңыз
Астана, BAQ.KZ. 2019 жылдың 29 маусымында Астанада «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен өтетін Димаш Құдайбергеннің «Arnau» атты концертіне билеттер 18 наурыздан бастап, Астана уақыты бойынша 17:00-де сатыла бастайды.
-
Қазақстанда кәсіпкерлер туралы бірыңғай мәліметтер базасы құрылады
Астана, BAQ.KZ. Біркүндік фирмалармен күресу мақсатында Қазақстанда кәсіпкерлер туралы бірыңғай мәліметтер базасын құру көзделуде. Бұл жөнінде ҚазТАГ порталы хабарлады.
-
Алматы облысында есірткіні қолмен жасаушылар улы зат пайдаланған
Талдықорған, BAQ.KZ. Алматы облысының полицейлері есірткіні өндіру және тарату дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында ұсталған екі азаматқа улы заттардың заңсыз айналымына қатысы бар деген айып тақты.
-
Атырауда балық аулау маусымы басталды
Астана, BAQ.KZ. Жайық өзеніндегі мұздың толықтай еруіне байланысты, өндіріс кооперативтерінің балықшылары балық аулау маусымын бастады. Бірінші болып «Амангелді» ЖШС кәсіпорын бригадасы шықты.
-
Тоқаев Ауғанстан мен Пәкістан елшілерін қабылдады
Астана, BAQ.KZ. Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанның және Пәкістанның елшілері Мухаммад Фархад Азимиді және Имтиаз Ахмад Казиді олардың өтініші бойынша қабылдады.
-
Түрікменстандықтарға Өзбекстанға тауар кіргізуге тыйым салынды
Астана, BAQ.KZ. Дашоғызвелаятының ресейлік паспорты және өзбек визалары бар тұрғындары Өзбекстаннан 10 килограмға дейін жүк кіргізе алатын. Көбіне бұл түрікменстандық тоқыма өнімдері болатын.
-
Үкіметтің жұмыс тобы кәсіпорын басшыларымен кездесті
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Екі күн бойы Ақтөбеде жұмыс сапарымен болған Үкіметтің жұмыс тобы аймақтағы Ақтөбе рельс-арқалық зауытында болды. Өнеркәсіп орындарының басшылармен кездесуде жұмысшылардың еңбек құқықтарының сақталуы, әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады.
-
Tesla жаңа электрокроссоверін таныстырды
Алматы, BAQ.KZ. Tesla жаңа түрлендіруден өткен Model Y электрлі кроссоверін таныстырды. Автокөліктің бағасы 39 мың доллардан басталады, делінген компанияның сайтында.
-
Павлодарда бірнеше елді мекен біріктіріледі
Астана, BAQ.KZ. Павлодар облысында бірнеше елді мекен таратылады. Бұл жөнінде Павлодар-онлайн порталы хабарлады.
-
Конор Макгрегорды сотқа берді
Астана, BAQ.KZ. Ахмед Абдирзак ирландиялық аралас жекпе-жек (ММА) спортшысы Конор Макгрегорды сотқа берді. Бұл туралы ESPN жазды.
-
Шымкентте металлургия зауыты іске қосылады
Астана, BAQ.KZ. 2019 жылғы наурыз айының соңында Шымкентте металлургиялық зауытты іске қосу жоспарлануда. Бұл жөнінде LS порталы хабарлады.
-
Алматыда елдің қалтасын қағып келген ұрылар ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Қоғамдық орындарда арам пиғылдарын жүзеге асырып жүрген қалта ұрылары осы жолы қаланың Алмалы ауданында ұсталды. Бұл туралы қалалық ПД хабарлады.
-
Әшімбаев: «Nur Otan» – халық мүддесін қорғайтын негізгі институт
Астана, BAQ.KZ. «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев партия Орталық аппаратының құрылымдық бөлім басшыларының қатысуымен жиын өткізді.
-
Норвегиялық саяхатшы Балқаш көліне жасаған экспедициясы жайлы айтты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Жол-жөнекей қасқыр іздерін көрдім және жергілікті балықшылармен таныстым. Бұл сапар мен үшін өте қызықты болды, дейді Балқаш көлін шаңғымен жүріп өткен Норвегиялық саяхатшы Уильям Бихолт.
-
Сағынтаев Жастар жылы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің төрағасы Бақытжан Сағынтаев жастар өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қарағандының медицина мекемелеріне «сенім дүңгіршегі» орнатылады
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда «сенім дүңгіршегі» аталатын жоба іске қосылды. Енді емделушілер медицина мекемелерінде орнатылған шұғыл байланыс терминалдары арқылы мамандарға бірден хабарласып, туындаған мәселесін уақытылы шешіп, сұрақтарына жауап ала алады.
-
Павлодар облысындағы тас жолдардың бойында 6 жедел жәрдем пункті ашылды
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде республикалық маңызы бар жолдардың бойында жедел жәрдем қызметінің алты пункті ашылды. Осылайша, қаладан тыс жатқан шағын ауылдар мен жолдар тиісті қызметпен 100% қамтылды.
-
Өзбекстанда Халық банкінің бөлімшесі ашылады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Осы жылдың сәуір айынан бастап Өзбекстанда біздің еншілес банкіміз жұмыс істей бастайды. Бұл туралы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова Алматыда өткен брифинг кезінде айтты.
-
Татарстанда қазақ киносының күндері басталды
Астана, BAQ.KZ. Татарстанның Қазан қаласында Наурыз мерекесіне орай 15 наурызда сағат 19.00 шамасында Қазақ киносының күндері басталады. Мәдени шара 19 наурызға дейін жалғасады және «Қазақфильм» киностудиясында әр жылдары жарыққа шыққан үздік отандық фильмдер көрсетіледі.
-
Павлодарлық полицейлер Наурыз мейрамына орай акция бастады
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің полицейлері Наурыз мейрамына орай «Наурыз мейрамы – әр шаңырақта!» акциясына мұрындық болды.
-
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМҚ 16-18 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
-
Қызылордалық ұстаздар мен оқушылар мектепте ұлттық киім киеді
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысы Қазалы ауданының мұғалімдері мен оқушылары мектепке ұлттық киім киіп келуде.
-
ТМД іздеу жариялаған қылмыскерлер Алматы облысында ұсталды
Талдықорған, BAQ.KZ. Алматы облысының полицейлері қылмыскерлерді іздестіру жұмысын жандандырды. Олар екі күн ішінде 30-ға жуық қылмыскерді қолға түсірді.
-
ШҚО-да созылмалы сырқаттарды жаңа әдіспен емдейтін болды
Астана, BAQ.KZ. Өткен жылы ШҚО-да медициналық мекемелерде диспансерлеуді жою және ауруды емдеудің озық әдістеріне ауысу процесі басталған болатын.
-
Облыс полицейлері: Репрессия құрбандарының ұрпақтары хабарлассын
Талдықорған, BAQ.KZ. Алматы облысының полицейлері Ақсу ауданының тұрғынына Кеңес Одағы кезінде репрессия құрбаны болған атасы туралы мәліметтерді мұрағат құжаттарынан тауып берді.
-
Шетелдік саяхатшы Балқаш көлін шаңғымен жүріп өтті
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақ география қоғамы» ҚБ қолдауымен Норвегиядан келген саяхатшы әрі зерттеуші, 27 жасар Уильям Бихолт бір өзі шаңғымен Балқаш көлін жүріп өтті. Балқашты кесіп өтуге арналған мұндай экспедиция тұңғыш рет жасалып отыр.
-
Талдау және болжамдау орталығы SMM және МММ қызметтерін кеңейтеді – Бабақұмаров
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматыда Қазақстанның SMM және МММ мамандарының бірінші конгрессі басталды. Конгрестің мақсаты мен жұмысы туралы Қазақстан Республикасындағы SMM және МММ қызметтерін кәсіби жеткізушілердің ұлттық қауымдастығының президенті Ализа Шайх айтып берді.
-
Құлағын тазалағысы келген ер адам миын зақымдап алды
Астана, BAQ.KZ. Британдық азаматтың құлағын мақталы таяқшамен тазалаймын деген әрекеті бас миының іріңдеуіне алып келді. Бұл жөнінде Lenta.ru порталы хабарлады.
-
БҒМ: Әліппе қайтарылады. Менталитетімізге сай тарих оқулығы дайындалады
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбеде жұмыс сапарымен келген Үкіметтің жұмыс тобы тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова «Әліппе орнына қайтып келеді» деп жиналғандарды қуантты.
-
ҚТЖ былтыр транзиттік қатынаста 17 млн тонна жүк тасымалдады
Астана, BAQ.KZ. 2018 жылдың қорытындысы бойынша транзиттік қатынаста жүк тасымалы көлемі 17 млн тоннаны құрап, 2017 жылғыға қарағанда 10% артты. Транзиттік қатынаста жүк тасымалының үлесі жалпы көлемнің 6% құрайды. Бұл туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қызылордада «Қобыз үні» республикалық көрмесі өтті
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда қаласындағы «Aray city mall» ойын-сауық кешенінде «Қобыз үні» ұлттық республикалық көрмесі ұйымдастырылды.
-
Мешіттегі атыс құрбандарының саны артты
Астана, BAQ.KZ. Қылмыскерлер Жаңа Зеландиядағы екі мешіттің келушілеріне оқ атты. Қазіргі уақытта атыс салдарынан кемінде 27 адамның көз жұмғаны расталып отыр. Бұл жөнінде Otago Daily Times хабарлады.
-
Жаңа Зеландияда мешітке келушілерге оқ атылды
Астана, BAQ.KZ. Қылмыскерлер Жаңа Зеландиядағы екі мешіттің келушілеріне оқ атты. Бұл жөнінде New Zealand Herald басылымы хабарлады.
-
Көрісу күні қалай пайда болған?
Орал, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің батыс аймағындағы жұртшылық көрісу айт мерекесін атап өтіп жатыр. Бұл күнді ерекше атап өту үрдісі, әсіресе «амал» мерекесін тойлайтын Маңғыстау мен «Көрісу айтыңыз қабыл болсын» деп баршаға құшақ жаятын Орал өңірінде кең тараған.
-
Жомарт Ертаев Қазақстанға экстрадицияланды
Астана, BAQ.KZ. 2019 жылғы 15 наурызда ҚР Бас прокуратурасының қызметкерлері қылмыстық жауапқа тарту үшін Ресей Федерациясынан Жомарт Ертаевты Астана қаласына экстрадициялады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
-
Өткен түнде Байқоңырдан "Союз МС-12" ғарыш кемесі ұшырылды
Астана, BAQ.KZ. 15 наурызда түнгі сағат 00.14-те, Байқоңырдан "Союз МС-12" ғарыш кемесі бар ресейлік "Союз-ФГ" зымыран тасығышы ұшырылды. Бұл туралы NASA агенттігі мен Роскосмос хабарлады.
-
Грузия университетінде қазақ мәдени орталығы ашылады
Алматы, BAQ.KZ. Грузияның Сухуми мемлекеттік университетінде қазақ мәдени орталығы ашылады. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.
-
Шекарашылар автокөліктен оқ-дәрі тауып алды
Астана, BAQ.KZ. Қорғастық шекарашылар кеше, күндізгі сағат 10:30 шамасында Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығының аумағына жекеменшік «TOYOTA PRADO» автокөлігімен кірмекші болған 41 жастағы қазақстандық әйел адамды ұстады.
-
Қарағанды облысында 32 спорт алаңы пайда болады
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Биыл аймақта спорт нысандарының көптеп ашылуымен есте қалмақ. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, облыстың 14 қаласы мен 11 ауылында отыздан аса спорт алаңдары салынады. Street Workout стиліндегі жеті алаң бой көтермек.
-
Өскемендік дәрігерлер халықаралық стандартта жұмыс істемек
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Грузиялық мамандармен меморандум жасасқан шығысқазақстандық педиатрлар мен акушер-гинекологтар алдағы уақытта халықаралық стандартта жұмыс істемек. Бұл жөнінде «Ана мен бала» орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында айтылды.
-
15 наурызға арналған ауа райы болжамы
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК смноптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерде жауын-шашын жауады, тек республиканың батысында, оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
-
Елбасы Дүниежүзілік Арнайы Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысты
Астана, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары барысында Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянның шақыруымен «Zayed Sports City» стадионында өткен Дүниежүзілік Арнайы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Наверх