ШҚО-да созылмалы сырқаттарды жаңа әдіспен емдейтін болды

15 Наурыз 2019, 12:35
2096
Бөлісу:
ШҚО-да созылмалы сырқаттарды жаңа әдіспен емдейтін болды

Астана, BAQ.KZ. Өткен жылы ШҚО-да медициналық мекемелерде диспансерлеуді жою және ауруды емдеудің озық әдістеріне ауысу процесі басталған болатын.

Мұндай әдістерде дәрігердің ғана емес науқастың да екіжақты жауапкершілігі қарастырылған, деп жазады Аltaynews.kz.

Әзірге жаңа жүйеге үш түрлі дерт қосылған: қант диабеті, күретамырлы қысымның көтерілуі және жүректің созылмалы жеткіліксіздігі.

Нақтырақ айтқанда, міндеттемені медициналық қызметкер ғана емес, науқас та беретін болды. Дәрігер маман науқаспен арнайы келісімшарт жасасады. Келісім бойынша науқас дәрігердің кеңесі бойынша белгіленген уақытта сәйкес медициналық тексеруден өтіп, уақытында емін алып, медициналық мекемеге қажетті ақпарат беріп отырады.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шорановтың айтуынша, қолданыстағы диспансерлеу әдісінде науқастармен кері байланыс болмауы емдеудің тиімділігін айтарлықтай төмендетеді екен.

Өзгелердің жаңалығы