Павлодарда бірнеше елді мекен біріктіріледі

15 Наурыз 2019, 16:28
2590
Бөлісу:
Павлодарда бірнеше елді мекен біріктіріледі

Астана, BAQ.KZ. Павлодар облысында бірнеше елді мекен таратылады. Бұл жөнінде Павлодар-онлайн порталы хабарлады. 

«Елді мекендердегі тұрғындардың пікірін есепке ала отырып, Май ауданындағы Қаратерек ауылдық округінің 8 Наурыз бөлімін мәліметтер есебінен жойып, тарату ұсынылып отыр. Себебі, 15 тұрғыннан тұратын аталған бөлім Қаратерек ауылының құрамына енуіне байланысты елді мекен статусын жоғалтқан», - деді Павлодар облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Тұрлыбаев. 

Оның айтуынша, ауылда көшелерді жарықтандыру және жолдарды тазалау жұмыстары жалғасуда. 

«Ертіс ауданында төрт ауылдық округ таратылып, жақын орналасқан ауылдық округтерге біріктіріледі: Ұзынсу ауылдық округі Ағашорын құрамына, Луговскойды Байзақ ауылдық округіне, Қосағаш ауылдық округі Панфилов аумағына, Ленин ауылдық округі Амангелді ауылдық округіне», - деп жазылған хабарламада. 

Айтылғандай, бұл жергілікті әкімдердің аппараты бойынша шығындарды үнемдеуге ықпал етеді. 

«Ертіс ауданында шамамен 22 млн теңге үнемделеді. Барлық қысқартылған қызметкерлер бірреттік өтемақы алады және жұмыспен қамтылады. Ауылдардың әлеуметтік қажеттілігіне арналған шығындар өзгеріссіз қалады. Облыстық мәслихаттың бүгінгі сессиясында халық қалаулылары аймақтық өзгерістерді қолдап дауыс берді», - деп жазылған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы