Астана, BAQ.KZ. Қылмыскерлер Жаңа Зеландиядағы екі мешіттің келушілеріне оқ атты. Бұл жөнінде New Zealand Herald басылымы хабарлады.
Тоғыз адамның көз жұмғаны расталды. Белгілі болғандай, Крайстчерч қаласындағы мешіттен алты адам ауруханаға жеткізілген және олардың екеуінің жағдайы ауыр. Ал Stuff порталының мәлімдеуінше, дәрігерлер 40-50 шамасындағы зардап шеккендерді қабылдауға дайындалуда. Оқиға орын алған кезде мешітте 300 жуық адам болған.
Сонымен қатар, оқ дауыстары көрші орналасқан Линвуд қаласындағы мешіттен де естілген. Расталмаған ақпарат бойынша, тағы бір қылмыскер Крайстчерч ауруханасының ауданында жүр.
Бұдан басқа, Крайстчерч полициясы қала көшелерінің бірінен жарылғыш зат тапқан. Бомба мешіттен үш километр қашықтықта автомобмильге орналастырылған.
Жергілікті билік тұрғындарды үйлерінен шықпауға шақыруда.
Куәгерлердің айтуынша, шабуылдағандардың бірі – 30-40 жас шамасындағы және әскери киім киген ер адам. Оның өзімен бірге өте көп оқ-дәрі алып жүргені белгілі.