Талдау және болжамдау орталығы SMM және МММ қызметтерін кеңейтеді – Бабақұмаров

15 Наурыз 2019, 12:03
4670
Бөлісу:
Талдау және болжамдау орталығы SMM және МММ қызметтерін кеңейтеді – Бабақұмаров

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматыда Қазақстанның SMM және МММ мамандарының бірінші конгресі басталды. Конгрестің мақсаты мен жұмысы туралы Қазақстан Республикасындағы SMM және МММ қызметтерін кәсіби жеткізушілердің ұлттық қауымдастығының президенті Ализа Шайх айтып берді. 

Жиынға 200-ден астам медиа саласының өкілі қатысып жатыр, олардың ішінде SMM мамандары, агенттік жетекшілері, вайнерлер мен блогерлер, сондай-ақ мемлекеттік орган өкілдері бар.  

Бірінші мамандандырылған Конгресс жұмысын бастамас бұрын ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі Ержан Бабақұмаровтың құттықтау сөзі оқылды.

«Конгресс жұмысы барысында біздің кәсіби қоғамдастыққа қатысты ең өзекті мәселелер бойынша тұщымды пікір алмасу болатынына сенімдімін. Өз тарапымнан және мен басқаратын Талдау және болжамдау орталығы SMM және МММ қызметтерін кәсіби жеткізушілердің ұлттық қауымдастығымен ашық диалог құрып, ынтымақтасуға әрдайым дайын», - делінген Ержан Бабақұмаровтың құттықтауында. 

«Бұл конгресс, біз көріп үйренген бір реттік ивент – форум емес. Біздің қауымдастығымыз бір жыл бұрын, ал конгресіміз жақында ғана құрылды. Бұл - біздің алғашқы отырысымыз. Қазақстанның кез келген SMM маманы конгресс мүшесі бола алады. Конгресс ол – ашық пікірталас алаңы, онда SMM саланың әр ойыншысының – SMM мамандар, вайнерлер командасы, блогерлер мен бизнес, үкіметтік емес сектор мен тапсырыс беруші ретінде мемлекеттің ойы мен ұсынысы ескеріледі. Конгрестің әр мүшесі өзін қызықтырған тақырыпты Facebook-тегі SMM-мамандардың тобына жібере алады. Біз оны әр тақырып бойынша шешім қабылдау үшін арнайы құрдық», - деді Ализа Шайх.

Оның айтуынша, бұл шешімдер SMM-қызмет нарығын жақсартуға ықпал ету керек. Конгресс SMM-мамандар мен тапсырыс берушілерге түсінікті келісім мен SMM-мамандарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді. Конгресс жұмысына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысады. Себебі осы екі құрылым мамандықтар мен кәсіптер тізімін жасақтайды. 

«Біз көтеріп отырған мәселенің бірі – мамандарға қойылатын біліктілік талаптарын енгізу, қазір ол бізде жоқ. Сондай-ақ жұмысты бағалау жүйесі де жоқ. Компанияларда SMM-мамандарға арналған штаттық кесте қарастырылмаған. Оларды маркетологтар, пиарщиктер, журналистер ретінде рәсімдейді. Бұл олардың қызметте өсуін қиындатады», - деп қосты ол. 

Ализа Шайхтың сөзінше он жыл бұрын әлеуметтік желілер негізінен тұтынушылармен, бизнес өкілдері және үкіметтік емес ұйымдармен өзара байланыста болса, қазір белсенді түрде мемлекеттік органдармен жұмыс істей бастады. 

«Қазір мемлекеттік орган басшылары жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларды халыққа жеткізу үшін әлеуметтік желілерде өз аккаунттарын ашып жатыр. Олар ашық және жедел болуды үйренуде», - деді ол. 

Бұған қоса, конгресте троллинг, фейк жаңалықтар мен SMM-саланы криминализациялау мәселелері көтеріледі

Өзгелердің жаңалығы