Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шымкентте металлургия зауыты іске қосылады

15 Наурыз 2019, 15:53
4753
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. 2019 жылғы наурыз айының соңында Шымкентте металлургиялық зауытты іске қосу жоспарлануда. Бұл жөнінде LS порталы хабарлады. 

Қалалық әкімдікте хабарлағандай, кәсіпорын «Оңтүстік» индустриалдық аймағының аумағында салынған. 

«Жоба «Амир-А» (Sin Yuan Steel) компаниясының жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатыр. Қытайлық тараптың үлесі 70%-ды құрады. Кәсіпорынның жалпы құны 50 млн долларды құрайды. Зауыт құрылысы 2017 жылы басталған болатын. Қазіргі уақытта құрылыс толық аяқталды», - деді ведомствода. 

Жоспарланып отырғандай, дайын өнімнің 50%-ы Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан мен Ресейге жөнелтілетін болады. 

Сонымен қатар, әкімдікте атап өткендей, өндіріс қуатының ұлғаюы бюджетке төлемдердің де артуына ықпал етеді. Сондай-ақ, 250 жұмыс орны құрылады.
Өзгелердің жаңалығы