Жаңалықтар
-
-
«КСК»-ны алмастыратын жаңа жүйе жайында не білеміз?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде көппәтерлі тұрғын үйді басқарудың жаңа нысандары енгізіліп жатыр. Ал көппәтерлі тұрғын үйлерді ескі басқару нысандары (КСК - пәтер иелері кооперативі) 2022 жылдың 1 шілдесінде қызметін тоқтатады. Осы мерзім аяқталған соң заң жүзінде бұл жүйе жойылады. Енді жаңа басқару нысаны дегеніміз не, оған қалай көшуге болатыны сияқты мәселелерге шолу жасап көрелік.
28.04.2021
-
Алматы қаласы Жетісу ауданының кәсіпорындары 64,8 млрд теңгенің өнімін өндірген
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылдың басынан бастап өнеркәсіптік кәсіпорындармен 64,8 млрд теңгеге өнім өндірілді, нақты көлем индексі 2020 жылдың тиісті кезеңіне 113,8% құрады. Бұл туралы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева онлайн брифингте айтты.
28.04.2021
-
Алматыда құдыққа түскен үш адам газдан уланып қалды
Алматы, BAQ.KZ. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Бұл туралы Алматы ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
28.04.2021
-
Ресейге кетіп, қалып қойып жатқан этникалық қазақтар көбейген
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Александр Милютин елімізден кетіп жатқан жоғары білімді мамандардың көбейгеніне алаңдаушылық білдіріп, Үкіметке депутаттық сауал жолдады.
28.04.2021
-
Ер адам алаяқтық жолмен өзге азаматтарға 50 несие рәсімдеген
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымоваға онлайн-несие беруді реттеуге қатысты сауал жолдады.
28.04.2021
-
Алматыда вакцинация паспорты сатылып жатқаны рас па?
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қалада вакцинация паспорты сатылып жатыр деген мәселеге қатысты жауап берді.
28.04.2021
-
Еуразиялық одаққа қатысты тағы бір өзгеріс болды
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қабылданды.
28.04.2021
-
Депутат министрден пандемия кезінде ҰБТ тапсырудың басқа да жолдарын қарастыруды сұрады
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Қазыбек Иса ҚР Білім және ғылым министрінен ҰБТ талаптарын қандастарға жеңілдетуді сұрады.
28.04.2021
-
Қазақстандық QazVac вакцинасы қалай әзірленді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрлігі қазақстандық QazVac вакцинасына қатысты мәліметті жариялайды.
28.04.2021
-
Нығматулин: Депутаттардың заң жобасы әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин әлеуметтік кәсіпкерлік мәселесі заң деңгейінде реттеліп, оның мәртебесі нақты айқындалуы тиіс екеніне назар аударды.
28.04.2021
-
Мәжіліс Әзербайжанмен көші-қон туралы келісімді қабылдады
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Әзербайжанмен көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім ратификацияланды.
28.04.2021
-
Тоғыз шетелдік азамат елден шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда облысында сот шешімі бойынша тоғыз шетелдік азамат ел аумағынан шығарылды, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
28.04.2021
-
ШҚО-ға он жылда 13 мыңнан астам импорттық ірі қара әкелінген
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Саннан гөрі сапаны жайластыруға бағытталған «Сыбаға» бағдарламасының іске қосылғанына он жылдан асты.
28.04.2021
-
Біз әйелдердің спорттағы жетістіктерін қолдауға ниеттіміз - Құлыбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің бас ассамблеясының кезектен тыс отырысы сырттай өтті. Ұйымның жоғары басқару органы бірқатар мәселелерді қарады, деп хабарлайды Olympic.kz.
28.04.2021
-
Ақмола облысына «QazVac» вакцинасының 2 мың дозасы жеткізілді
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында «QazVac» отандық вакцинасын халыққа егу басталды. Енді өңірдің әрбір тұрғыны өздері қалаған «QazVac» немесе «Спутник V» вакцинасын таңдай алады.
28.04.2021
-
Әдейі жолдың қарсы бетімен жүрген көлік жүргізуші қамауға алынды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда қарсы жолаққа шыққан жүргізушіге 155 мың теңге айыппұл салынып, бес тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Алматы ПД-ті хабарлады.
28.04.2021
-
Шымкент «қызыл», Қостанай «жасыл» аймаққа ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі 28 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.
28.04.2021
-
Түркістандық балуан қыздар ел чемпионатында топ жарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орал қаласында қазақ күресінен жасөспірім қыздар арасында Ел чемпионаты мәресіне жетті.
28.04.2021
-
Канадалық компания Қазақстанға 500 мың доллар шығын өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Канадалық Талапкерлер 500 000 АҚШ доллары мөлшеріндегі Қазақстан Республикасының World Wide Minerals төрелігіндегі шығындарын өтеді.
28.04.2021
-
КВИ белгілері бар пневмонияның 156 жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 28 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпаратты жариялады.
28.04.2021
Наверх