Әлемде COVID-19-дан қанша адам қайтыс болды?

26 Қазан 2021, 09:55
50181
Бөлісу:
Әлемде COVID-19-дан қанша адам қайтыс болды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. 

Оның айтуынша, әлем бойынша коронавирус инфекциясынан 4,9 млн адам қайтыс болған.

Сондай-ақ дүние жүзі бойынша коронавирус жұқтырудың 244 млн-нан астам жағдайы тіркелген.

Тәулігіне 300 мыңнан астам адам індет жұқтырады екен. ДДСҰ Еуропалық аймағы ұсынған деректерге сүйенсек, соңғы екі аптада 54 мемлекеттің 35 елінде коронавирус өршіп тұр. Атап айтар болсақ, соңғы 14 күнде Польшада аурушаңдықтың өсуі байқалып, 160%-ға жеткен. Ал Мажарстанда – 120%-дан, Грузияда – 110%-дан, Әзірбайжанда - 104%-дан асқан, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Ал керісінше, кей елдерде індеттің беті бері қараған сыңайлы.

Атап айтатын болсақ, ЕуроДДСҰ-ның 19 мемлекетінде, соның ішінде Израильде 58%-ға, Испанияда 28%-ға, Швейцарияда 16%-ға, Черногорияда 4%-ға, Италияда 3%-ға азайған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі соңғы екі айда 100-ден астам ковидтік стационар жабылғаны туралы айтқан болатын.


Өзгелердің жаңалығы