Жиһаз жасаудың машақаты: Адамды «автоматтандырған» технология

26 Қазан 2021, 11:35
5148
Бөлісу:
Жиһаз жасаудың машақаты: Адамды «автоматтандырған» технология
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шағын және орта бизнес - пандемия кезінде көп зардап шеккен саланың бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта бизнесті қолдауға шақырды. Осы орайда өңірлік кәсіпкерлікті қолдауды екінші дәрежелі банктер жүзеге асырып жатыр. Батыс Қазақстан облысына ұйымдастырылған баспасөз туры барысында біз жиһаз шығаратын кәсіпорынның жұмысымен таныстық.

Кванттың қуаттылығы

Кісіпорынның негізі 1991 жылдың қазанында қаланған. Яғни, биыл кәсіпорын Қазақстан Тәуелсіздігі сияқты 30 жылдығын мерекелемек. Өңір бойынша компания жиһаз және электроника нарығында жетекші орын алады.

Жиһаз цехында төрт өндіріс бар: поролон, матрац, корпустық және жұмсақ жиһаз. Корпустық жиһаз фабрикасы 10 000 шаршы метр аумақты алып жатыр. Цехтар жаңа неміс (Hомаg) және итальяндық (Griggiо) қондырғылармен  жабдықталған.

Жиһаз жасаудың машақаты: Адамды «автоматтандырған» технология

Жиһаз бөлшектері қандай кезеңдерден өтіп әзірленетіні және қызметкерлер қазіргі заманғы техниканы қалай басқарып отырғанына куә болдық.

Күн сайын 150 қызметкер арнайы станоктарда тынымсыз еңбек етеді.

Жиһаз жасаудың машақаты: Адамды «автоматтандырған» технология

Жиһаз шығаратын кәсіпорынның қаржы директоры Дмитрий Пшеничныйдың айтуынша, кәсіпорын 2006 жылдан бастап корпустық жиһаз, кейін жұмсақ жиһаз өндіруге көшкен.

Жиһаз жасаудың машақаты: Адамды «автоматтандырған» технология

Жиһазды сату үнемі оны жөндеумен байланысты болады. Осылайша, біз өзіндік өндірісті қалыптастырдық. 2015 жылы осы цехты салдық. Бұл жерде корпустық және жұмсақ жиһаз, үстел, орындық, матрац жасаймыз. Өндірілетін жиһаздың түрі өте көп. Жиһаздан бөлек тұрмыстық техника мен электрониканы көтерме-бөлшек сатумен де айналысамыз. Құрылыс пен шаруа қожалығы да бар. Мүлікті жалға беруді де жүзеге асырамыз, - деді ол.

Оның айтуынша, кәсіпорын жыл санап жақсы көрсеткіштерге ие болып келеді.

Жиһаз жасаудың машақаты: Адамды «автоматтандырған» технология

Біз соңғы 8 жылда жаңа ғимараттарды салып, қазіргі заманғы станоктарды сатып алуды қарқынды жүзеге асырып жатырмыз. «Бизнестің жол картасы-2020», «Даму» кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламалары  аясында екінші дәрежелі банк арқылы қуаттылықты арттыратын қондырғыларды сатып алдық. Ол өнімді көбейтуге де мүмкіндік берді. Осы цех Қазақстанның даму банкінің қаржысына салынды. Мемлекеттік бағдарлама аясында екінші дәрежелі банктен 6 пайыздық  өсімпұлмен несие алдық. Осы сынды мемлекеттік бағдарламалар бізге шығынды жабуға мүмкіндік беріп, өндірісті арттыруға жәрдемдесіп жатыр, - деді Пшеничный.
Пшеничный айтқандай, мұндай бизнесті құруға ондаған жыл кетеді. Ал олар 3-4 жыл ішінде жеңілдікпен берілетін несиелеудің нәтижесінде осы көрсеткіштерді бағындырған.

Жиһаз жасаудың машақаты: Адамды «автоматтандырған» технология

Қазір біз жиһаз қоятын қойманың құрлысымен айналысып жатырмыз. Ол жерге технологиялық қондырғылар мен әр қондырғыға арналған сканерлер қойылады. Онда өнімді тиеуге шығаратын 10 қақпа болады. Сондай-ақ біз корпус бойынша екінші цехті салдық. Онда қондырғылар тұр. Тағы бірнеше қондырғыны жеткізетін жүк көліктерін күтіп отырмыз. Еуропадан монтаж жасайтындар келуі керек. Себебі барлық қондырғы Италия, Польша  мен Германиядан жеткізілді. Еуропалық серіктестерімізбен көп жыл ынтымақтастық жүргізіп келеміз. Олар жаңа технологиялы қондырғыларды жақсы бағаға сатады. Көп процесс автомандандырылған. Жыл сайын өндіріс 20 пайызға артып отырады, - деді ол.

Жиһаз жасаудың машақаты: Адамды «автоматтандырған» технология

Пшеничный атағандай, кәсіпорын 30 мың корпустық жиһаз өндіреді. Компанияның сомалық айналымы жылына 10 млрд доллар. Кәсіпорында  мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Жиһаз жасаудың машақаты: Адамды «автоматтандырған» технология

Біздің компания жыл сайын 800 млн теңге салық төлеп отыр. Шикізатты Ресей мен Қытайдан аламыз. Әрине, басым  бөлігін Ресейден жеткіземіз. Себебі оларда орман көп.  Жиһаз жасауға МДФ, ЛДСП шикізаты қажет. Ал фурнитураны тікелей Қытайдан жеткіземіз. Біз контейнерлермен сатып алғандықтан, бағасы тиімді болып шығады. Қазір пандемия кезінде Қытайдан жеткізу қиындық туғызып отыр. Бірақ оның аяқталар күні жақын деп үміттенеміз, - деді Пшеничный.

Жиһаз жасаудың машақаты: Адамды «автоматтандырған» технология

Қаржы директоры атап өткендей, дайындалған жиһаз Қазақстанның барлық өңірінде диллерлер арқылы сатылады.

Жиһаз жасаудың машақаты: Адамды «автоматтандырған» технология

Біз өнімді Армения мен Қырғызстанға экспорттаймыз. Цехтегі барлық қондырғы - неміс және италияндық компаниялардың өнімдері. Компания құрамында еңбек ететін жастармен қатар 20-30 жыл жұмыс істеп жүрген  еңбек ардагерлері де бар. Корпустық цехқа тағы жұмысшылар қабылдаймыз. Университеттен кейін жастарды қабылдап, үйретуге дайынбыз. Бізде кез келген адамға жұмыс табылады.  Алдымен станоктарда жұмыс істеуді еуропалық мамандар біздің қызметкерлерге үйретті. Қазір өзімізде оқытатын мамандар бар, - деді  Дмитрий Пшеничный.

Жиһаз жасаудың машақаты: Адамды «автоматтандырған» технология

Қолдаудың тұрақтылығы

Ал Орал қаласындағы екінші дәрежелі банк филиалының директоры Светлана Шашкова бұл жобаны қаржыландыруға инвестиция биыл берілгенін айтты.

Жиһаз жасаудың машақаты: Адамды «автоматтандырған» технология

Банктің қолдауымен компания корпустық жиһазын өндіру бойынша екінші цех салынды. Сондай-ақ  банк цехқа қажетті жабдықтармен қоса, автокөлікпен қамтамасыз етті. Жоба өте қызықты. Бұл компанияның өнімдерін Қазақстан дүкендерінен көруге болады. Компанияның әлеуеті зор. Біз инвестициялық және айналымдағы қаржыны арттыруға  арналған жобаларды қолдаймыз. Биыл біздің филиал 60-қа жуық жобаны қаржыландырды. Барлық кәсіпорын мемлекеттік қолдау аясында қатысып отыр. Бұл - ауқамды жоба. Біз сондай-ақ микро бизнесті қаржыландырумен де айналысамыз. Бұл өндіріс орны Қазақстанның Даму банкісі аясындағы мемлекеттік бағдарлама арқылы қаржыландырылды, - деді Светлана Шашкова.
Шашкованың айтуынша, олар ЕДБ филиалдарының арасында «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы-2020, 2025», «Нұрлы жер»сияқты кәсіпкерлерді қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысу бойынша өңірдегі көшбасшылардың бірі.

Жиһаз жасаудың машақаты: Адамды «автоматтандырған» технология

Банк Орал қаласындағы филиалында StartUp бағдарламасы бойынша 1,774 млрд теңге сомаға қаржыландыру алған 100-ге жуық клиент бар. Скоринг бағдарламасы бойынша 2020 жылдың желтоқсанынан бастап жалпы сомасы шамамен 1,5 млрд теңгеге 340-қа жуық қарыздар санын құрайды, - деп атап өтті филиал директоры Светлана Шашкова.
 
    

Адами капитал

Жиһаз жасаудың машақаты: Адамды «автоматтандырған» технология

Корпустық цех шебері Ерден Батырғалиев 2008 жылдан бастап осы кәсіпорында жұмыс істеп жатыр. Ол алдымен жүк тиеуші-ораушы болып жұмысқа тұрған. 

Жиһаз жасаудың машақаты: Адамды «автоматтандырған» технология

Кейін неміс және итальяндық станоктарда істеуге машықтанған. 2015 жылдан бастап шебер болып жұмыс істейді. Ол жалақысы уақытылы, жаны тыныш болғандықтан жұмысын ұнататынын жеткізді.

Жиһаз жасаудың машақаты: Адамды «автоматтандырған» технология

Жиһазды құрастыруда кесілген, тесілген, ойық-шұрықтар пазл сияқты жиналуы керек. Оны қадағалап отырамын. Бастапқы станокта жиһаз  өлшемдері беріледі. Сол жерде кесіліп, екінші станокта тесік жасалады. Қорап келгенде өнімдер салына бастайды. Сол салу процесінде мен өнімнің дұрыстығын реттеймін. Ақауды жөндеуге болса, қайта дайындаймыз. Осы күнге дейін жөнделмейтін жиһаз болмады. Күніне 100-150 жиһаз әзірленеді. Ол да жиһаз бөлшектерінің күрделілігіне байланысты болады. Мысалы, ас үй жиһазы мен кереует жасау ерекшеленеді. Себебі қондырғы тетіктері де әртүрлі. Жаңа мамандар келгенде оларға барынша үйретеміз. Өсу де адамның өзіне байланысты. Жұмысты тиянақты, сапалы істесе, кез келген адам мансаптық жолмен көтеріле  алады, - деді Ерден Батырғалиев.

Жиһаз жасаудың машақаты: Адамды «автоматтандырған» технология

Әйелдің «нәзіктігі»

Айта кету керек, цехта жұмыс істейтіндердің қарасы ер адамдар. Тек жиһазды сырлау мен орау жұмыстарына әйелдер жұмылдырылған. Біз станокта тұрып жұмыс істейтін оператор Меңдігүл Айтжановамен әңгімелестік.

Жиһаз жасаудың машақаты: Адамды «автоматтандырған» технология

Жас маман Тасқала ауданы екінші Шежін ауылының тумасы екен. 2014 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығын тәмамдаған. Қазір қызын тәрбиелеп, Орал қаласында тұрып жатыр.

Жиһаз жасаудың машақаты: Адамды «автоматтандырған» технология

Жалпы  компанияда істеп жатқаныма бір жыл болды. Екі ай осы жерге оператор болып ауыстым. Маған кесілген жиһаз бөлшектерін алып келеді. Мен әрбірінің өлшеміне қарай ойып тұрамын. Менен кейін оны орауға жібереді. Әрбір детальдің өз өлшемі бар. Шатасып кетпеу керек. Таңертеңнен кешке дейін осы процесті үздіксіз қайталаймын. Шыдамдылықты да, қырғылықты да қажет етеді. Осыған дейін бөлмеаралық есіктер шығаратын кәсіпорында еңбек еттім. Онда да станокта жұмыс істедім. Өзіме станоктарда жұмыс істеген ұнайды. Мен үшін бұл өте қызықты. Ер адамға қарағанда әйел мықты болып келеді деп ойлаймын. Себебі олардың қолынан келмейтін дүние жоқ, - деді Айтжанова.

Жиһаз жасаудың машақаты: Адамды «автоматтандырған» технология

Цехта әзірленген жиһаз түрлері сауда орталықтарына сатылымға шығарылады.

Жиһаз жасаудың машақаты: Адамды «автоматтандырған» технология

 Пандемия сатылым көлеміне айтарлықтай әсер еткен. Себебі Қазақстан бойынша ірі сауда орталықтары жабық болып, шектеуде жұмыс істеді.

Жиһаз жасаудың машақаты: Адамды «автоматтандырған» технология

 Сондықтан сатылым көлемі төмендеген. Қаржы директоры да өткен жылға қарағанда биыл бизнеске қиын болғанын айтты. Бірақ компания дамуды тоқтатпайды. 

Жиһаз жасаудың машақаты: Адамды «автоматтандырған» технология

Ал екінші әрежелі банктер пандемия кезінде бизнеске үлкен қолдау көрсетті және карантин шектеулеріне қарамастан қазақстандық нарықтың инвестициялық жобаларын қаржыландыруды жалғастырып жатқанын ерекше атап өтуге болады.

 


Өзгелердің жаңалығы