Алматыдағы эпидахуал қандай?

26 Қазан 2021, 12:10
37166
Бөлісу:
Алматыдағы эпидахуал қандай?

Алматы, BAQ.KZ. 25 қазан күні қалада 239 адамнан коронавиурс анықталды, оның 225 симптомдық белгілері бар және 14 симптомсыз.

Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Өткен тәулікте Алматы емханаларынан – 233 науқас жазылып шыққан, ал келіп түскендер саны – 107.
Инфекциялық стационарларда 1 064 адам ем алып жатыр, оның 28-і бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 105 науқас бар. ӨЖЖ – 21, инвазивті емес ӨЖЖ – 56, High flow-да 24 аппарат жұмыс істейді,-делінген хабарламада.
БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 2 503 науқас бар, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 2 406, симптомсыз 97.

Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-компонентін 1 472 адам, 2-компонентін 2 481 адам салдырған.

Жыл басынан бері қала бойынша 1-компонентті 988 777 адам, 2-компонентті 917 723 адам алған.

Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 120 203 адам.

Өзгелердің жаңалығы