Қызылорда облысы жол картасына бөлінген қаржыны игере алмай отыр

26 Қазан 2021, 10:10
36313
Бөлісу:
Қызылорда облысы жол картасына бөлінген қаржыны игере алмай отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов жол картасына бөлінген қаражаттың 50%-ы игерілгенін айтты. 

Сөзінше, ең төменгі көрсеткіш Қызылорда облысында қалыптасып отыр.

Министр Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын жүзеге асыру жалғасып жатқанын айтты.

Ведомствоаралық комиссияда барлығы 241 жоба бекітілген. Оның 225 жобасы бойынша жұмыстар істеліп жатыр. Жол картасы жобаларында 7 700 адам жұмысқа орналастырылды. Нәтижесінде бұл жоспардың 68%-ын құрап отыр. Жұмысқа тұрған азаматтардың 67%-ына міндетті зейнетақы жарналары түсті. Қалған азаматтар бойынша министрлік бақылауда ұстап отыр, - деді ол.

Шәпкеновтің сөзінше, бүгінде жол картасына бөлінген қаражаттың 50%-ы игерілді. Ең төменгі көрсеткіш Қызылорда облысында қалыптасып отыр.

Қызылорда облысында жол картасы шеңберінде 9 жоба жоспарланған болатын. Оның конкурстық рәсімдерінің кеш басталуына байланысты қазір 4 жобада ғана жұмыс істеліп жатыр. Ұлттық қордан бөлінген нысаналы трансферттердің тек 13,8%-ы ғана игерілді, - деп айтты Серік Шәпкенов.

Алматы облысы бойынша жол карталарында 2 400 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, бүгінгі күні 84 адам ғана жұмысқа орналасты.

Осыған орай министр Маминнен өңір әкімдеріне жол картасын толық іске асыруға бақылауды күшейту бойынша тапсырма беруді сұрады.

Өзгелердің жаңалығы