СOVID-19: Елімізде 7 млн-нан астам адам толықтай вакцина алды

26 Қазан 2021, 10:21
27912
Бөлісу:
СOVID-19: Елімізде 7 млн-нан астам адам толықтай вакцина алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. 

Оның айтуынша, елімізде коронавирус инфекцясына қарсы вакцина салу жалғасып жатыр.

Екпенің бірінші компонентін 8,2 млн адам салдырды. Осылайша, тиісті халықтың 71,9%-ы немесе халық санының 43,4%-ы қамтылды. Ал екінші компонентті 7,3 млн-нан астам адам салдырған. Бұл тиісті халықтың 64,6%-ына тең немесе халық санының 39%-ын құрайды, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлемде COVID-19-дан қанша адам қайтыс болғаны туралы жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы