Электрондық еңбек биржасы: 6 600 адам оқытудан өтті

26 Қазан 2021, 09:58
37007
Бөлісу:
Электрондық еңбек биржасы: 6 600 адам оқытудан өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Электрондық еңбек биржасы базасында азаматтарды онлайн-оқытуды ұйымдастыру арнайы портал жұмыс істеп жатқанын айтты. 

Бүгінде 6 600 адам оқып үлгерді.

Министр баяндағандай, биылғы жылы 16 900 адам қысқа мерзімді оқуға жолданса, оның 13 200-і оқуды аяқтап, олардың 81%-ы жұмыспен қамтылды.

Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасымен биылғы жылы Электрондық еңбек биржасында пилоттық режимде 5 мың жұмыссыз азаматты тегін онлайн-оқытумен қамтамасыз ету қарастырылған болатын. Бүгінде оның 93%-ы курстан өтті.

Электрондық еңбек биржасы базасында азаматтарды онлайн-оқытуды ұйымдастыру үшін 1 шілдеден бастап жұмыс істей бастаған арнайы портал әзірленіп, іске қосылды. Порталда 135 курс авторы және 11 мыңға жуық қолданушы тіркелген. Курстар аяқталғаннан кейін порталда арнайы тестілеуден өтіп, сертификат алу мүмкіндігі қарастырылған. 4 айдың ішінде 6 600 адам оқытудан өтті, оның ішінде 4 800-і жұмыссыз ретінде тіркелгендер, - деп айтты Шәпкенов.

Ол кәсіпкерлікті дамыту бойынша жаңа ұлттық жоба аясында еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша онлайн-оқытуды портал арқылы дамытатындарын айтты.

Министр Ұлттық жоба аясында кәсіпкерлікті қолдау шараларын «бір терезе» қағидаты бойынша онлайн портал арқылы ұсыну көзделіп отырғанына тоқталды.

Аудандардың экономикалық мамандануын анықтау үшін 163 мастер-жоспар әзірленіп, мемлекеттік гранттар мен микрокредиттер осы мастер-жоспарларда қарастырылған бағыттар бойынша ұсынылады. Мемлекеттік гранттар беру процесі толығымен автоматтандырылады. Сондай-ақ бизнес жоспардың тиімділігін бағалау жүргізіледі. Бұл оларды беру кезінде адами факторды болдырмайды, өтінімдерді қарау мерзімін едәуір қысқартады, - деп айтты Еңбекмині басшысы.
Өзгелердің жаңалығы