Жалпы жаңалықтар
-
-
Қазақстанда алимент төлеу тәртібі өзгереді: Нені білген жөн?
2026 жылғы 25 тамыздан бастап алиментті атқарушылық іс жүргізу аясында алатын азаматтар арнайы банктік шот ашуға тиіс. Жаңа талап алимент мөлшерін өзгертпейді, алайда қаражатты аудару тәртібіне әсер етеді.
02.08.2026
-
Алматы тауларында адасып кеткен екі жасөспірім табылды
Құтқарушылар тауда адасып кеткен екі жасөспірімді Турист шыңы маңынан аман-есен тапты.
02.08.2026
-
Перуде туристік ұшақ апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапты
Писко әуежайынан көтерілген туристік ұшақ Наска қаласының маңында апатқа ұшырады. Ұшақтағы 11 жолаушы мен екі экипаж мүшесінің барлығы қаза тапты.
02.08.2026
-
Экс-әкімге ақтау үкімін уәде еткен адвокат 6 жылға сотталды
Ақтөбеде алаяқтық жасаған адвокат экс-әкімге ақтау үкімін уәде етіп, алдын ала ақша алған. Сот оны және сыбайласын 6 жылға бас бостандығынан айырды.
02.08.2026
-
Армения үкіметі отставкаға кетті
Жаңа министрлер кабинеті құрылғанға дейін қазіргі үкімет өз жұмысын жалғастырады.
02.08.2026
-
ЕО Сеутадағы көші-қон дағдарысына байланысты шұғыл кеңес өткізеді
Мароккодан 50 мыңнан астам мигрант келгеннен кейін Еуроодақ елдерінің ішкі істер министрлері шұғыл жиын өткізбек. Дағдарыс ЕО ішінде де келіспеушілік туғызды.
02.08.2026
-
АҚШ-тың Айдахо штатындағы атыс салдарынан үш адам қаза тапты
Оқиға Твин-Фолс қаласындағы жылдам тамақтану мейрамханасының маңында болды. Атыс салдарынан үш адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды.
02.08.2026
-
Жаңа жолдар, вагондар мен порттар: Қазақстанның теміржол саласында не өзгерді?
Жүк тасымалының артуы, жаңа теміржол желілерінің құрылысы, локомотивтер мен вагондардың жаңаруы, Ақтау мен Құрық порттарының дамуы – Қазақстанның теміржол саласындағы негізгі өзгерістерге шолу.
02.08.2026
-
Петропавлда өрт кезінде ірі жарылыстың алдын алды
Құтқарушылар қауіпті аймақтан алты газ баллонын шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды.
02.08.2026
-
Трамп Иранға соққы жасауды кейінге қалдырды
АҚШ президентінің айтуынша, Вашингтон шабуылды тоқтата тұруға келісімге келу мүмкіндігін ескеріп шешім қабылдаған.
02.08.2026
-
БҚО құтқарушылары өрт сөндіру-құтқару спортынан ел чемпионы атанды
Төрт күнге созылған жарыстың қорытындысында Батыс Қазақстан облысының командасы үздік атанып, ұлттық құрамаға енген спортшылар анықталды.
02.08.2026
-
Қытайда нөсер жаңбыр салдарынан 65 мыңға жуық адам эвакуацияланды
Кейбір аудандарда бір тәулікте 186 мм-ге дейін жауын-шашын түсіп, қауіпті аймақтардан тұрғындар көшірілді.
02.08.2026
-
АҚШ Иранға салмағы бір тоннаға жуық авиабомба тастады
The New York Times мәліметінше, соққы тұрғын ауданға жасалып, салдарынан үш адам қаза тапқан.
02.08.2026
-
2 тамыздағы валюта бағамы: доллар мен еуро қаншадан сатылып жатыр?
2 тамыздағы мәлімет бойынша, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттерінде шетел валюталарының сатып алу және сату бағамы жаңарды.
Астанадағы орташа бағам:
АҚШ доллары – сатып алу 469,01 теңге, сату 475,75 теңге;
Еуро – сатып алу 536,97 теңге, сату 546,96 теңге;
Ресей рублі
02.08.2026
-
ОПЕК+ отырысы қарсаңында мұнай бағасы 90 долларға жуық деңгейде сақталды
Сарапшылардың болжамынша, 2 тамыздағы ОПЕК+ отырысында альянсқа мүше елдер қыркүйек айында мұнай өндіру көлемін тәулігіне 188 мың баррельге арттыруды мақұлдауы мүмкін. Ал қазан айынан бастап өндіріс көлемін ұлғайту уақытша тоқтатылуы ықтимал.
02.08.2026
-
Әлемдік тәуекелдерге қарамастан, Қазақстанда бидай арзандап жатыр
Еуропадағы аптап ыстық та әлемдік астық нарығына әсер етуде. Еуроодақтағы ең ірі бидай өндіруші Францияда жұмсақ бидай өнімділігі соңғы бес жылдағы орташа көрсеткіштен 3%-ға, ал қатты бидай өнімі 4%-ға төмен болады деген болжам жасалды. Қолайсыз ауа райы арпа мен жүгері егістіктеріне де зиянын тигізген.
02.08.2026
-
Жібек Құламбаева Испаниядағы беделді турнирдің чемпионы атанды
Финалда Жібек чехиялық Анна Шишковамен бірге швециялық Доминика Салкова мен чехиялық Лиза Заардан құралған жұпты екі сетте жеңді.
02.08.2026
-
Мурманск облысында құны алтыннан жоғары минерал табылды
Жаңа минералды Кола ғылыми орталығы, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті және А.Е. Ферсман атындағы Минералогия музейінің зерттеушілері бірлесіп тапқан. Ғалымдар оған «Кола ашкрофтині» деген атау берген.
02.08.2026
-
Гонконгтың ең ірі жүк әуе тасымалдаушысы Қазақстанға алғашқы рейсін орындады
Енді әуе компаниясы елорда әуежайы арқылы аптасына бес жүк рейсін жүзеге асырады.
02.08.2026
-
Ұлыбританияда құрғақшылық салдарынан көкөніс бағасы күрт қымбаттады
Жергілікті өнімнің тапшылығына байланысты елдегі мейрамханалар, пабтар мен супермаркеттер салат жапырағы мен брокколиді Испания және Нидерландтан импорттай бастаған.
02.08.2026
Наверх