Трамп Иранға соққы жасауды кейінге қалдырды

АҚШ президентінің айтуынша, Вашингтон шабуылды тоқтата тұруға келісімге келу мүмкіндігін ескеріп шешім қабылдаған.

 AP Photo/Evan Vucci 2 Тамыз 2026, 10:18
2 Тамыз 2026, 10:18
259
Фото: AP Photo/Evan Vucci

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға жаңа соққы жасауды кейінге қалдыру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл Тегеранға ықтимал келісімге келуге мүмкіндік беру үшін жасалған, деп хабарлайды BBC.

Дональд Трамптың сөзінше, АҚШ қажет болған жағдайда Иранға «Екінші дүниежүзілік соғыстан бері болмаған әскери қуатпен» соққы жасауға дайын. Алайда америкалық көшбасшының айтуынша, Иран мен Таяу Шығыстағы бірқатар мемлекет Вашингтоннан шабуылды кейінге қалдыруды сұраған. Себебі тараптар ықтимал келісімнің негізгі шарттары бойынша ортақ ұстанымға келген көрінеді.

Мен бүкіл әлемнің игілігі үшін, сондай-ақ табысты әрі гүлденген Иранның сақталуы үшін келісім мүмкіндігін ескеріп, шабуылды тоқтата тұруға келістім. Бірақ бұл келісім барынша қысқа мерзімде жасалуы тиіс, – деп жазды Трамп.

Ол сондай-ақ Израильдің де мәселені дипломатиялық жолмен реттеуге ұмтылысты қолдайтынын айтты.

Трамптың бұл мәлімдемесі Таяу Шығыстағы шиеленіс әлі де сақталып тұрған кезеңде жасалды. Иран төңірегіндегі ахуал әлемдік мұнай нарығына және өңірдегі теңіз қатынасының қауіпсіздігіне ықпал етуді жалғастырып отыр.

Наверх