Ирандағы ұшақ апаты: Апат себебі аталды

8 Қаңтар 2020, 12:18
5804
Бөлісу:
Ирандағы ұшақ апаты: Апат себебі аталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иран әуежайы Тегеран маңындағы украиналық ұшақ апатының себебін түсіндірді. 

Тегерандағы жолаушылар ұшағының құлауына қозғалтқыштан шыққан өрт себеп болған. Бұл туралы Ирна агенттігіне әуежайдың ресми өкілі хабарлады.

Иран Сыртқы істер министрлігінің Қазақстанның Тегерандағы елшілігіне берген алдын-ала ақпараты бойынша, украиналық авиакомпанияның құлаған ұшағының жолаушылары арасында қазақстандықтар жоқ.

Бұған дейін Tasnim Тегеран маңында құлаған украиналық ұшақтың бортында 180 жолаушы болған деп хабарлаған.

Кейін ұшақ апатының видеосы жарияланды

Оқиға орнына жедел жәрдем жеткен болатын.

Қызыл Жарты ай өзінің Twitter-дегі парақшасында Тегеран маңындағы украиналық ұшақ апатының орнынан фото жүктеді. Онда ұшақтың сынықтары, апат болған жерде жүрген мамандар бар.

Иран Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі РИА Новости агенттігіне берген ақпаратында, ұшақ апатынан адамдардың аман қалуы екі талай деген.

Қазақстан СІМ ұшақ бортында қазақстандықтардың бар-жоғын тексеріп жатыр.

Сондай-ақ, Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базаларына шабуыл жасағаннан кейін АҚШ азаматтық авиация федералды басқармасы (FAA) америкалық әуекомпанияларға Иран, Ирак, сонымен қатар Парсы және Осман шығанақтарының үстінен ұшуға тыйым салды.

Өзгелердің жаңалығы