Ирандағы ұшақ апаты: адамдардың аман қалуы екіталай – БАҚ

8 Қаңтар 2020, 11:09
4069
Бөлісу:
Ирандағы ұшақ апаты: адамдардың аман қалуы екіталай – БАҚ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызыл Жарты ай өзінің Twitter парақшасында Тегеран маңындағы украиналық ұшақ апатының орнынан фото жүктеді. Онда ұшақтың сынықтары, апат болған жерде жүрген мамандар бар.

Иран Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі РИА Новости агенттігіне берген ақпаратында, ұшақ апатынан адамдардың аман қалуы екіталай деген. Оның айтуынша, ұшақ бөліктері жанып жатыр. Құтқарушылар сөндіріп жатыр. 

Рейтер ирандық телеарнаға сілтеме жасап, борттағы барлық адам қайтыс болды деп хабарлады. Қазақстан СІМ ұшақ бортында қазақстандықтардың бар-жоғын тексеріп жатыр.

Бұған дейін Tasnim Тегеран маңында құлаған украиналық ұшақтың бортында 180 жолаушы болған деп хабарлаған. Кейін ұшақ апатының видеосы жарияланды. Оқиға орнына жедел жәрдем жетті.

Сондай-ақ, Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базаларына шабуыл жасағаннан кейін АҚШ азаматтық авиация федералды басқармасы (FAA) америкалық әуекомпанияларға Иран, Ирак, сонымен қатар Парсы және Осман шығанақтарының үстінен ұшуға тыйым салды.


Өзгелердің жаңалығы