Арзан билеттер қайтарылған жағдайда айыппұл салынбайды

14 Қаңтар 2019, 14:27
2429
Бөлісу:
Арзан билеттер қайтарылған жағдайда айыппұл салынбайды

Астана, BAQ.KZ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ арзан билетті қайтарған кезде жолаушыдан ұсталып қалатын айыппұлды алып тастады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ ағымдағы жылдың 15-ші қаңтарынан бастап бағасына байланысты билеттердің деңгейін дифференциациялау мақсатында жол жүру билеттерін қайтарғаны үшін 1000 (мың) теңге көлемінде енгізілген айыппұлды алып тастады. Айыппұл номинальды құны 3500 теңгеге дейінгі билеттерге ғана алынып тасталады. Аталған шара жолаушылар тарапынан түсіп жатқан өтініштерді өңдегеннен және саралағаннан кейін қабылданып отыр», - делінген компанияның хабарламасында.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы инвестиция және даму министрлігінің 2015 жылдың 30 сәуірдегі №545 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы теміржол көлігіндегі жүкбагажын, багажды, жолаушыларды тасымалдау ережесінің» №255 тармағына сәйкес билет бағасы 3500 теңгеден жоғары болса қайтарылған жағдайда 1000 теңге көлеміндегі комиссиялық алым салынады.

Аталған шара билеттерді заңсыз қайта сатумен күресу мақсатында қабылданған болатын, бұл орайда жолжүру құжатын қайтару 30% қысқарды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар қажеттіліктерін қанағаттандыру және сервисті жақсарту мақсатында жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша жұмыстарды ары қарай да жүргізе беретін болады.

Өзгелердің жаңалығы