Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұрма ауылының тұрғыны ұрлап кеткен баланы іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін сағат 10:00 шамасында Қарағанды облысының Шет ауданында, Бұрма ауылының шетіндегі орман екпесінде полиция 3 жасар баланың мәйітін тапты.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлімі (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел тергеу тобы оқиға орнында жұмыс жүргізуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Күдіктінің қайда екендігі және ұсталуын анықтау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізу жұмыстары жалғасуда. Қарағанды облысының аумағында аса ауыр қылмыс жасағаны үшін полиция 1996 жылғы 17 қарашада туған Сопыжанов Игентай Кәрімұлы іздестірілуде.
Бойы: 175-180 см, арық денелі, қысқа қара шашты, құлақтары бекітілген.
Киімі: жеңіл капюшонымен қоңыр күрте, қара көк джинсы, қара етік.
Қарағанды облысының полиция департаментіне мына телефон арқылы хабарлауыңызды сұраймыз. Байланыс орталығы: кезекші бөлімі: 8 (7212) 42-90-25
КПБ: 8 (7212) 42-91-90, 8 (701) 503-8887, 8 (701) 750 3752