АҚШ-тың Батыс Азиядағы соңғы күндері – Иран сыртқы істер министрі

5 Қаңтар 2020, 17:39
4110
Бөлісу:
АҚШ-тың Батыс Азиядағы соңғы күндері – Иран сыртқы істер министрі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Батыс Азиядағы соңғы күндері басталды. Бұл туралы Иранның сыртқы істер министрі Джавад Зариф Twitter-дегі парақшасында жазды.

Иранның сыртқы істер министрі бұл сөздерді АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның жариялаған видеосына жауап ретінде жазды. 

Майк Помпео өзінің Twitter-інде видео жариялап, астына "Ирак тұрғындары көшеде бостандықты қолдау үшін билеп жүр. Олар генерал Сулейманидің өмірден озғанына алғыс айтуда", - деп жазды.

24 сағат бұрын өзін дипломатпын деп санайтын клоун Ирак қалаларында халық билеп жатыр деп мәлімдеді. Бүгін жүз мыңдаған намысты ирактық бауырларымыз бен қарындастарымыз өз жерінде оған жауап қайтарды. Қатыгез АҚШ-тың Батыс Азиядағы соңғы күндері басталды, - деп жазды Иран СІМ Джавад Зариф.
Айта кетейік, 3 қаңтарға қараған түні Ирак астанасы Бағдаттағы халықаралық әуежай маңында бірнеше жарылыс болды

АҚШ билігі жарылыс болған жердегі Иранмен байланысы бар екі нысанның соққысына қатысы бар екенін хабарлады.

АҚШ қарулы күштері Ирактағы Иран генералының өлімінен кейін әскерін толық дайындап қойды. АҚШ соққысының салдарынан қайтыс болған ирандық генерал Касим Сулейменидің өліменен кейін мұнай бағасы 2% қымбаттады.

Әлемдік БАҚ ирандық генерал Касим Сулейманиді жою туралы бұйрықты АҚШ президенті Дональд Трамптың өзі берді деген ақпарат таратты.

Иран Ислам революциясы күзет корпусының  "Кудс" арнайы бөлімшесі басшысы Касем Сулейманидің өлімі үшін кек алатынын хабарлады.

АҚШ президенті Дональд Трамп 4 қаңтарда Twitter-дегі парақшасында "Иран шабуыл жасаса, АҚШ жауап ретінде Иранның 52 нысанына соққы жасайды", - деп жазды.
Өзгелердің жаңалығы