Хорватияда президент сайлауының екінші туры өтіп жатыр

5 Қаңтар 2020, 17:25
3155
Бөлісу:
Хорватияда президент сайлауының екінші туры өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Хорватияда келсі бес жылда мемлекет басшысы болуға үміткерлер арасындағы сайлаудың екінші туры өтіп жатыр.

Екінші турға өткен үміткерлердің бірі Хорватияның қазіргі басшысы, "Хорватияның демократиялық бірлігі" партиясының атынан сайлауға түскен Колинда Грабар-Китарович. Ал екінші үміткер – оппозициялық "Социал-демократиялық партиясының" өкілң, бұрынғы премьер-министр Зоран Миланович.

Өткен 2019 жылдың 22 желтоқсанында өткен бірінші турда Миланович 29,55% дауыс жинаса, ал оның қарсыласы, қазіргі президент Грабар-Китарович 26,65% дауысқа ие болған еді.

Өзгелердің жаңалығы