Алматы облысында карантин шаралары күшейтілді

17 Қазан 2020, 13:26
2115
Бөлісу:
Алматы облысында карантин шаралары күшейтілді

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов аймақта жаңа шектеу шараларын енгізу жөнінде қаулыға қол қойды. 

Қаулыға сәйкес шектік шаралары 19 қазан сағат 7.00-ден бастап күшіне енеді.

Енді аймақта 50 орыннан жоғары қоғамдық тамақтану нысандарының қызметі тоқтатылады. Яғни, мейрамханалар, кофехана, дәмхана, банкет залдары, асханалар жұмысын тоқтатады.

Барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдар, 15 адамнан аспайтын кезекші топтарды қоспағанда, сондай-ақ, барлық сауықтыру орталығы, түнгі клубтар, кальян барлар, көрмелер, букмекерлік, бильярд, караоке, боулинг орталықтары, балалар ойын алаңдарының жұмысы тоқтайды. 

Қоғамдық көлікпен тасымалдау қызметі қарбалас кезінде 5 минутты ара қашықтықтан аспау үшін көлік саны арттырылады.

Оған қоса бір отбасы мүшелерінен басқа, 3 адамнан астам топтың бас қосуына тыйым салынады. Сондай-ақ жасы 65-тен асқандарға көшеге шығуға болмайды.

Өзгелердің жаңалығы