Bek Air жолаушыларын тасымалдау үшін қосымша пойыз ұйымдастырылады

29 Желтоқсан 2019, 12:01
2775
Бөлісу:
Bek Air жолаушыларын тасымалдау үшін қосымша пойыз ұйымдастырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Bek Air компаниясының 7 қаңтарға дейін рейстеріне билет алған жолаушылар үшін Air Astana компаниясы бос орын болған жағдайда Bek Air компаниясының билетінен қымбат емес баға ұсынатын болады.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Air Astana Нұр-Сұлтаннан Алматы қаласына қатынайтын және 27-29 желтоқсан аралығында кері жүретін қосымша 5 рейс қосты. SCAT әуе компаниясы Bek Air компаниясының жолаушыларын тасымалдауға көмектесу мерзімін 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартты. Bek Air жолаушыларын тасымалдау бос орын болғанда ғана жүзеге асырылады. Тасымалды жүзеге асыру үшін Bek Air компаниясына хабарласу керек, - делінген хабарламада. 

Мәлімет бойынша, SCAT компаниясы Bek Air экипаждарын аймақтардан тұрғылықты жерлеріне жеткізуге көмектескен. Ал Qazaq air әуе компаниясы 2019 жылы 31 желтоқсанға дейін Bek Air жолаушыларын тасымалдауда қолдау көрсетуді жалғастырады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Үкіметтің тапсырмасына сәйкес, Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы Bek Air әуе компаниясы рейстерінің жолаушылары үшін қосымша пойыз ұйымдастырды. Пойыз 2019 жылдың 30 желтоқсанында сағат 22.03-те Нұр-Сұлтан-1- стансасынан жолға шығып, Алматы-2 стансасына 2019 жылғы 31 желтоқсан сағат 17.30-да жетеді, - дейді комитеттің баспасөз қызметі. 

Қосымша ақпарат алу үшін теміржол вокзалдарының ақпараттық қызметінің 105 бірыңғай телефон нөміріне хабарласуға болады.

Теміржол көлігінің түрін пайдаланғысы келетін жолаушылар Бек Эйрдің өкілдерімен байланысуы керек.

Байланыс орталықтарының телефондары:

 - "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ +77172613187;
 - Эйр Астана әуекомпаниясы +77172584477, +77272444477, +77027024477;
 - SCAT  +77252998880 (ішкі 277, 278);
 - Qazaq Air  +77273561414;
 - Бек Эйр +77273545000, +77017334576.

Байланыс орталықтары жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері де тәулік бойы жұмыс істейді.

Айта кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылында апатқа ұшыраған. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды. Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

 

Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керегі де хабарланды. Кейіннен, зардап шеккендер мен бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты

Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр. 

Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. 

Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. 

Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. 

Бұдан бөлек, ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды. Бүгін Fokker компаниясы Bek Air ұшағының құлау себептерін анықтау мақсатында Алматыға мамандарды жіберетіні айтылды

ҚР ІІМ арнайы тексеру жүргізіп жатқандығын хабарлады. Үкімет басшысы Асқар Мамин де ұшақ апатының себебін 10 қаңтарды жариялауды тапсырған болатын. 

Қазір зардап шеккендерге көмек үшін арнайы шот ашылды.

Өзгелердің жаңалығы