Екі облыстың тасжолында жазғы дөңгелекпен жүрген көліктердің қозғалысына шектеу қойылды

Шектеу үш республикалық тасжол учаскесінде енгізілді. Қозғалысты 9 қараша күні таңғы сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

 ©BAQ.KZ архиві 8 Қараша 2026, 20:18
8 Қараша 2026, 20:18
127
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Ақмола және Павлодар облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты жазғы дөңгелекпен жүрген көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. «ҚазАвтоЖол» мәліметінше, шектеу 8 қараша күні сағат 17:20-дан бастап республикалық маңызы бар үш жол учаскесінде енгізілді.

Ақмола облысында мына учаскелерде қозғалыс шектелді:

  • Астана – Көкшетау – Петропавл – Ресей шекарасы автожолының 18-232-шақырымы аралығы, яғни Астанадан Щучинскіге дейін;

  • Астана – Шідерті – Павлодар – Үспен – Ресей шекарасы автожолының 16-200-шақырымы аралығы, яғни Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейін.

Павлодар облысында Астана – Шідерті – Павлодар – Үспен – Ресей шекарасы автожолының 200-254-шақырымы аралығында, яғни Ақмола облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейін көлік қозғалысы шектелді.

Шектеу жазғы дөңгелекпен жабдықталған көліктің барлық түріне қатысты. Алдын ала болжам бойынша, жол қозғалысы 9 қараша күні сағат 09:00-де қайта ашылады.

Жолдардың жай-күйі туралы ақпаратты тәулік бойы 1403 нөмірі арқылы білуге болады.

Наверх