Ұшақ апаты. Fokker компаниясы арнайы мамандар жіберді

28 Желтоқсан 2019, 09:44
4599
Бөлісу:
Ұшақ апаты. Fokker компаниясы арнайы мамандар жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нидерландтық әуеқұрастырушы Fokker компаниясы Bek Air ұшағының құлау себептерін анықтау мақсатында Алматыға мамандарды жібереді.

Бұл туралы ұлыбританиялық GKN холдингіне кіретін Fokker компаниясының ресми өкілі мәлімдеді. 

Стандартты хаттама аясында біз Қазақстанға техникалық қолдау ретінде шағын команданы жібереміз, - деді ол.

Fokker өкілі мұндай ақпараттың құпиялылығына байланысты, сарапшылардың қай жерде және қай құрамда жүретінін нақтыламады. 

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды.  Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр. Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. Ал ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды

Өзгелердің жаңалығы