Ұшақ апаты. Зардап шеккендер үшін арнайы шот ашылды

28 Желтоқсан 2019, 15:05
5018
Бөлісу:
Ұшақ апаты. Зардап шеккендер үшін арнайы шот ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда ұшақ апатынан аман қалғандардың отбасыларына көмек беру үшін есепшот ашылды. 

ҚазАқпараттың хабарлауынша, "Жаңа Алатау" қоғамдық қоры көпшіліктің сұрауынан соң арнайы шот ашты. 

Қорға түскен қаражат зардап шеккен жолаушыларға, Алматы тұрғындарына беріледі. 

Қор өкілдері жұмсалатын қаражаттың ашық есебі болады деп сендірді. 

Қор реквизиттері: 

"Жаңа Алатау" қоғамдық қоры БИН : 080740011034, Қор шоты: KZ826010131000165601 БИК банк: HSBKKZKX АО "Народный Банк Казахстана" КБЕ 18 КНП 119 

Аталған қор төтенше жағдайлар кезінде адамдарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында құрылған. Бұл ұйым Алматыда 2011 жылы болған қатты желден зардап шеккендерге, Медеу шатқалындағы өрт кезінде, Наурызбай ауданындағы селде және Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккендерге көмектескен еді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды.  Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр. Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. Ал ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды. Бүгін Fokker компаниясы Bek Air ұшағының құлау себептерін анықтау мақсатында Алматыға мамандарды жіберетіні айтылды. Және ҚР ІІМ арнайы тексеру жүргізіп жатқандығын хабарлады. Үкімет басшысы Асқар Мамин де ұшақ апатының себебін 10 қаңтарды жариялауды тапсырған болатын.

Өзгелердің жаңалығы