Жалпы жаңалықтар
-
Үкімет СҚО-дағы қорғаныс бөгетін реконструкциялауға 1,4 млрд теңге бөлді
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Тепличное ауылындағы қорғаныс бөгетін реконструкциялауға Үкімет резервінен шамамен 1,4 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Жұмыстар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқынына қарсы құрылыстарды нығайту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.11.2025
-
Еуропалық футбол клубы "Қайраттың" қақпашысына қызығушылық танытып отыр
Болгарияның ЦСКА София футбол клубы Қазақстан құрамасы мен алматылық "Қайраттың" қақпашысы Темірлан Анарбековке қызығушылық білдіріп отыр. 22 жастағы қазақстандық қақпашы Премьер-лигада жарқырап, "Селтикке" қарсы ойында үздік өнер көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап.
03.11.2025
-
Алматы облысында құны 15 млрд теңгелік агрокешен іске қосылды
Алматы облысында дәнді және майлы дақылдарды терең өңдеуге маманданған «Қапшағай Бидай Өнімдері» атты жаңа агрокешен жұмысын бастады. Жобаның жалпы құны – 15 млрд теңге, деп хабарлайды BAQ.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
03.11.2025
-
"Қатал әрі ақылды": Трамп әлем көшбасшыларына баға берді
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путин мен Қытай төрағасы Си Цзиньпинді "өте күшті әрі ақылды көшбасшылар" деп сипаттады. Бұл туралы ол CBS News арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.11.2025
-
Бүгін еліміздің бір ғана қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 3 қараша күні Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар орын алып, ауа сапасы төмендейді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.11.2025
-
АҚШ пен Қытай сауда қақтығысы кезінде қисынсыз әрекет етті – Трамп
АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда текетіресі кезінде екі тарап та "қисынсыз әрекеттерге" барғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол CBS News-ке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.11.2025
-
Зейнетақы табысын қалай арттыруға болады?
Қазақстанда халықтың қартаюы мен еңбек нарығының өзгеруі жағдайында зейнет жасындағы өмір сапасын қамтамасыз ету – әлеуметтік саясаттың басты міндеттерінің бірі болып отыр. Сарапшылардың айтуынша, бүгінде зейнетақы табысының жеткіліктілігі мен оны арттыру жолдарына қоғам тарапынан қызығушылық артып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
03.11.2025
-
Трамп АҚШ-та ядролық сынақтар өткізілетінін растады
АҚШ президенті Дональд Трамп елдің ядролық сынақтар жүргізетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол CBS News телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.11.2025
-
Қызылорда облысында адасқан балықшылар құтқарылды
Қызылорда облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары үш ер адамды аман-есен тапты. Олар Қызылорда қаласынан 75 шақырым жердегі Балапан көліне балық аулауға барып, жолда көліктері бұзылып, кейін жолдан адасып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.11.2025
-
Түркия мұнайды Ирак пен Қазақстаннан көбірек сатып ала бастады
АҚШ пен Еуропаның Ресей мұнай секторына енгізген жаңа санкцияларынан кейін Түркияның мұнай өңдеу зауыттары шикізатты Ресейдің орнына Ирак пен Қазақстаннан жиі сатып алып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
03.11.2025
-
Израиль кепілге алынғандардың денелерін толық қайтаруды талап етті
Германия канцлері Фридрих Мерц пен Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху телефон арқылы сөйлесіп, Газа секторындағы жағдай мен атысты тоқтату режимін талқылады.
03.11.2025
-
АҚШ Венесуэла маңындағы әскери базаны қайта жаңартуда – Reuters
АҚШ Венесуэлаға қарсы ықтимал әскери операцияларға дайындық аясында Пуэрто-Рикодағы Рузвельт-Родс әскери-теңіз базасын жаңғыртуды бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
03.11.2025
-
Ресей Иранда сегіз жаңа атом электр станциясын салады
Иран билігі Ресей ел аумағында сегіз жаңа атом электр станциясын салатынын мәлімдеді. Бұл туралы Иранның Атом энергиясы ұйымының басшысы Мұхаммед Эслами Tasnim агенттігіне мәлім еткен, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
03.11.2025
-
Ауғанстанда болған жер сілкінісі Қазақстанның оңтүстігінде сезілді
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының" хабарлауынша, 2025 жылғы 3 қарашада Астана уақытымен сағат 01:29-да жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.11.2025
-
NVIDIA басшысы: АҚШ Қытайдың технологиялық қуатын жете бағаламады
NVIDIA компаниясының бас директоры және негізін қалаушы Дженсен Хуанг Fox News телеарнасына берген сұхбатында АҚШ Қытайдың технологиялық даму мүмкіндіктерін елемей, стратегиялық қателік жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.11.2025
-
Ақтауда стихиялық қоқыс үйіндісі ұлғайып барады: тұрғындар биліктен көмек сұрайды
Ақтаудың 20-шағын ауданындағы №5 үйдің артында бірнеше апта бойы рұқсат етілмеген қоқыс полигоны пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
03.11.2025
-
Армения мен Грузия шекарасында жер сілкінісі тіркелді
Бүгін, 2 қараша күні Армения мен Грузия шекарасына жақын аймақта жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Армения ІІМ-нің құтқару қызметіне сілтеме жасап.
02.11.2025
-
Алматы тауларында екі жасөспірім құтқарылды
Алматы қаласында құтқару қызметінің мамандары Медеу ауданындағы Шүкір сарқырамасында өз бетінше түсе алмай қалған екі жасөспірімге көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
02.11.2025
-
Қостанайлық модель "Әлем аруы–2025" байқауында Қазақстан намысын қорғайды
Қостанайдан шыққан 20 жастағы модель Дана Алмасова Таиландтың Бангкок қаласында өтетін «Miss Universe 2025» халықаралық сұлулық байқауына қатысу үшін жолға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.11.2025
-
Күн күрт суытады: 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 3 қараша күні Қазақстанның 15 өңірінде ауа райының қолайсыз болуына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
02.11.2025