Жол жиегіндегі көлікке соғылған: СҚО-да жол апатынан екі адам көз жұмды
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам көз жұмды. Қайғылы оқиға республикалық маңызы бар «Петропавл–Жезқазған» автожолының 808-шақырымында болған.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға шамамен сағат 16:00 кезінде тіркелген. Петропавл қаласынан Сергеевка бағытына қарай келе жатқан «Нива» автокөлігі жол жиегінде тоқтап тұрған «ГАЗель» көлігіне соғылған.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Шал ақын ауданындағы Кеңес және Жаңажол ауылдарының арасында болған.
Апат салдарынан «Нива» көлігінің 40 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Ал 45 жастағы жүргізуші аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, қабылдау бөлімінде көз жұмған.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Осыған байланысты полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдықты асырмауды және жолда барынша мұқият болуды ескертті.
- Францияда орман өрттеріне қатысы бар деген күдікпен 32 адам ұсталды 04:27
- Маңғыстауда кейбір ағаш түрлері экожүйеге қауіп төндіріп отыр 03:40
- Аптап ыстық және өрт қаупі: Синоптиктер ескерту жасады 02:34
- Apple OpenAI-ді коммерциялық құпияларды ұрлады деп сотқа берді 01:29
- АҚШ Ираннан Ормуз бұғазындағы кеме қатынасына кепілдік талап етті 00:30
- Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды 11.07.2026
- ШҚО-да фестиваль кезінде адасып кеткен екі жасар сәби аман-есен табылды 11.07.2026