Тау-кен саласында жаңа жоба: Қазақстан мен Дания келіссөз өткізді
Негізгі назар Қарағанды қаласындағы компанияның сервистік орталығын кеңейту жобасына аударылды.
Астанада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанқұлов Данияның FLSmidth компаниясының бас директоры Тони Лааксоненмен кездесу өткізді.
Келіссөз барысында тараптар тау-кен және цемент өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Негізгі назар Қарағанды қаласындағы компанияның сервистік орталығын кеңейту жобасына аударылды.
Жоба аясында Қазақстан мен Орталық Азиядағы тау-кен кәсіпорындарына қызмет көрсететін инфрақұрылымды жаңғырту және ке ңейту көзделген. Инвестиция көлемі шамамен 15 миллион АҚШ долларын құрайды.
Ғабидулла Оспанқұлов бұл бастама жабдық жеткізу, өндірісті жергіліктендіру және заманауи технологиялар трансфертіне негізделген ұзақ мерзімді өнеркәсіптік серіктестіктің маңызды үлгісі екенін атап өтті.
Кездесуде жаңа орталықтың қызмет бағыттары да талқыланды. Атап айтқанда, жабдық бөлшектерін өндіру және жаңарту, тау-кен техникасын жөндеу мен жаңғырту, компоненттерді құрастыру, техникалық қызмет көрсету және инженерлік қолдау көрсету мәселелері сөз болды.
Кездесу қорытындысында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және диалогты жалғастыруға дайын екендерін жеткізді.
- Сирия соты Башар Асадты өлім жазасына кесті 16:29
- Шетелдік азамат киімінің астына 70 мың доллар жасырып, ел шекарасынан өтпек болды 16:28
- Қазақстан мен Қытай арасындағы ортақ QR-төлем қалай жұмыс істейді? 16:10
- Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады 16:02
- Тазалыққа бастар жол – өзіңнен басталады: Астанада эко-сенбілік өтті 16:00
- Астаналықтар Олимпиада чемпиондарымен бірге 10 мың қадам жүрді 15:51
- «Таза Қазақстанға» 1 миллионнан астам жас қатысты 15:50