Все новости за 25 қаңтар 2026
-
-
Ақтөбе облысында үш көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Ақтөбе – Орынбор тасжолында үш көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қар, боран, тұман: Алматы мен 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК ертең, 26 қаңтарда Алматы қаласында және Қазақстанның 16 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ертең Ақтөбеде мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Ертең Ақтөбеде мектеп оқушылары қашықтан оқиды. Бұл туралы Ақтөбе облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтауда онкологиялық науқастар дәрі-дәрмексіз қалды
Ақтауда онкологиялық дертке шалдыққан науқастар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында берілуі тиіс өмірлік маңызды дәрі-дәрмектерді ала алмай отыр. Бұл мәселе туралы жергілікті тұрғындар дабыл қағып, тиісті органдарға жүгінген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда таудан түсе алмай қалған туристер құтқарылды
Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Көкжайлау аумағында Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағы тауда өздігінен түсе алмаған бес туристке көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың себебін түсіндірді
Қарағанды облысы спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев резонанс тудырған оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ-та қарлы боран салдарынан 230 мыңнан астам үй жарықсыз қалды
АҚШ-та қарлы боранға байланысты 230 мыңнан астам тұтынушы электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда ЖИ көмегімен ауруларды ерте диагностикалау қолға алынды
Қазақстанда денсаулық сақтау саласында жасанды интеллектке негізделген басым жобалардың тізімі қалыптастырылды. Олар әлеуметтік маңызы бар ауруларды ерте анықтауға және медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетуге бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Оралдан Алматыға бағыт алған ұшақ құстармен соқтығысты
FlyArystan әуе компаниясының ұшағы Алматыдан ұшып келе жатқан кезде құстармен соқтығысып, соның салдарынан Орал әуежайында кідіруге мәжбүр болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Өскеменде мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген сарбаз көз жұмды
Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметтегі сарбаз қаза тапты. Бұл ақпаратты Қазақстан Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Каспий құбыр консорциумындағы жөндеу жұмыстары аяқталды
Қараша айының соңында экипажсыз катер жасаған шабуылдар салдарынан ВПУ-2 істен шығып, жұмысын тоқтатқан болатын.
-
Алматы әкімі қар ерітетін инфрақұрылымдық нысанды аралап көрді
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Бостандық ауданындағы қар ерітетін пунктін аралап көрді. Бұл қала аумағында қарды уақытша полигонға жинамай-ақ ерітуге мүмкіндік беретін заманауи инфрақұрылымдық нысан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үндістанның оңтүстігіндегі ірі өрттен бес адам қайтыс болды
Үндістанның оңтүстігіндегі Телангана штатында, Хайдарабад қаласындағы жиһаз дүкені орналасқан төрт қабатты ғимаратта шыққан өрт салдарынан кемінде бес адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ жергілікті PTI агенттігіне сілтеме жасап.
-
Бөтен адамға ақша аударған: Астаналық кәсіпкер заң алдында жауап береді
Астанадағы азық-түлік дүкенінің иесі дропперлікке байланысты қылмыстық істің фигурантына айналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Зеленский Ресей соққыларының басты нысанасы не екенін айтты
Украинада энергетика нысандары, аса маңызды инфрақұрылым және тұрғын үйлер Ресейдің соққылары бағытталған негізгі нысанаға айналды. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский өзінің Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда Кореяға жұмысқа орналастыратын арнайы орталықтар ашылады
Алматы облысы Қонаев қаласында өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев Корея Республикасының еңбек миграциясы жөніндегі делегация өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада автокөлік өртенді
Елордалық құтқарушылар автокөліктің жануын сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
-
Қарағанды – Астана бағытында қауіпсіздік керуені жүріп өтті
Қарағанды – Астана бағытында қауіпсіздік керуені жүріп өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Шымкенттегі төбелес: полиция тағы үш күдіктіні ұстады
Шымкентте жол-көлік оқиғасынан кейін болған кісі өлтіру дерегі бойынша полиция тағы үш күдіктіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
-
Мәнерлеп сырғанау: Михаил Шайдоров Бейжің чемпионатындағы өнерін аяқтады
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркияда құда түсу тойында 100-ден астам адам уланып қалды
Түркияның Малатья провинциясында банкет залында өткен құда түсу рәсімі кезінде 100-ден астам адам көмірқышқыл газынан уланып, зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ Haber Global-ға сілтеме жасап.
-
Қытай автокөлігі: нарық пен қауіп
Қытай көліктері бүгінде Қазақстан нарығында ғана емес, әлемде де үлкен құбылысқа айналды. Олардың жедел таралуына: өндіріс ауқымы, технологиялық серпіліс, мемлекет қолдауы және тұтынушы талғамының өзгеруі сынды себептер де көп. Тақырыпты BAQ.KZ тілшісі зерделеп көрді.
-
Конституциялық кеңес комиссияның алғашқы отырысын қорытындылады
Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті. Іс-шара кеңейтілген форматта ұйымдастырылып, оған Парламент депутаттары, мәслихат төрағалары, қоғам қайраткерлері, орталық мемлекеттік органдардың жауапты лауазымды тұлғалары, БАҚ өкілдері, өңірлердегі қоғамдық кеңестердің мүшелері, сарапшылар мен ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ, Украина және Ресей келіссөздері: келесі раунд 1 ақпанда өтеді
Ресей, АҚШ және Украина өкілдері қатысатын келіссөздердің келесі кезеңі 1 ақпанда Абу-Дабиде басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
-
Үндістанда өлімге әкелетін Нипах вирусы таралып жатыр
Үндістанның Калькутта қаласына жақын маңда вакцинасы да, емі де жоқ, өлімге соқтыратын Нипах вирусы өршіді, деп хабарлайды BAQ.KZ The Economic Times басылымына сілтеме.
-
АҚШ-та қатты дауылға байланысты 12 мың әуе рейсі тоқтатылды
Сенбі күні елдің басым бөлігіне ойран салған жойқын дауылға байланысты демалыс күндері АҚШ аумағында шамамен 12 мың әуе рейсі тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Associated Press-ке сілтеме жасап.
-
Әзербайжан сарапшысы: Қазақстан реформалары өңірдегі тұрақтылықты күшейтеді
Оның пікірінше, елдегі саяси және экономикалық реформалар бір-бірімен тығыз байланысты, ал бұл өзгерістер объективті қажеттіліктен туындаған.
-
Жамбыл облысында биыл 13 спорт нысаны пайдалануға беріледі
2025 жыл Жамбыл облысының спорт саласы үшін мазмұнды да нәтижелі кезең болды. Өңірде спорт инфрақұрылымын жетілдіру, жоғары жетістіктер спортын дамыту және бұқаралық спортты кеңейту бағытында ауқымды жұмыс атқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жетісу облысында бес адам жол апатынан көз жұмды
Жетісу облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Надежда Морозова конькимен жүгіруден үздік бестікке енді
Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі Надежда Морозова Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде үздік бестікке енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Екі адам қаза тапқан жол апаты: Шавкат Рахмоновтың әйелі күдікті деп танылды
Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова екі адам қаза тапқан өлімге соқтырған жол апатына қатысты қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Көкшетауда жаңа спорт нысандары ашылды
Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жаңа спорт нысандарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Ява аралындағы көшкіннен 8 адам қаза тапты
Индонезияның Ява аралында болған қуатты көшкін салдарынан кемінде сегіз адамның қаза тапқаны расталды, тағы 80-нен астам тұрғын хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ Sky News-ке сілтеме жасап.
-
Миннеаполисте мыңдаған адам Трамптың иммиграциялық репрессиясына қарсы наразылыққа шықты
Миннесота штатының ең ірі қаласы – Миннеаполисте минус 20 градус суыққа қарамастан, мыңдаған адам АҚШ-тың Иммиграция және кедендік полициясының (ICE) қаладағы әрекеттеріне қарсы наразылық акциясына шықты. Акциялар АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің иммиграцияға қатысты қатаң шаралары аясында өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
-
Трамп Мадуроға қарсы операция кезінде "құпия қару" қолданылғанын мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп New York Post газетіне берген сұхбатында Венесуэла президенті Николас Мадуроны ұстау операциясы кезінде америкалық әскерилердің "құпия қару" қолданғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін қай қалаларда ауа сапасы төмендейді
"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада автокөлік отқа оранды
Астанада Нұра ауданында Қорғалжын тас жолы бойында жеңіл автокөлік өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Болгарияда алғаш рет әйел адам президент болып сайланды
61 жастағы Илияна Йотова Болгариядағы президенттік институттың 33 жылдық тарихында алтыншы мемлекет басшысы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Германия өз алтынын АҚШ-тан қайтарғысы келеді
Германия АҚШ-та сақтаулы тұрған алтын қорының бір бөлігін елге қайтару мәселесін қайта көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырауда түрмеден өрт шықты
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 112 пультіне Атырауға қарасты Тасқала ауылында орналасқан түзеу мекемесінің ғимаратының шатырынан түтін шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Германия мен Италия Трамптың "Бейбітшілік кеңесіне" қатысудан бас тартты
Германия мен Италия АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған "Бейбітшілік кеңесіне" оның қазіргі форматында қатысудан бас тартты. Бұл туралы Германия канцлері Фридрих Мерц пен Италия премьер-министрі Джорджа Мелони мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ DW-ге сілтеме жасап.
-
Трамп Канадаға 100 пайыздық кедендік баж салығын енгіземін деп қорқытты
Дональд Трамп Канада Қытаймен сауда келісімін жасайтын болса, оған 100 пайыздық кедендік баж салығы енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда пәтер тонаумен айналысқан күдіктілер қолға түсті
Алматыда пәтер тонаумен айналысқан күдіктілер қолға түсті, , деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
25 қаңтарға арналған валюта бағамы
ҚР Ұлттық банкінің дерегі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жетісуда жантүршігерлік жол апатынан 5 адам ажал құшты
Жетісу облысында жол-көлік оқиғасынан бірден бес адам қаза тапты. Қайғылы оқиғаның егжей-тегжейін аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх