Все новости за 25 қазан 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Елордада Республика күні кең көлемде аталып өтті
Астанадағы «Қазақ елі» монументінің жанында Республика күніне арналған үлкен мерекелік концерт өтті. Шараға елорданың жүздеген тұрғыны мен қала қонақтары қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
ЕО Қытайдан сирек кездесетін элементтерге тәуелділікті азайтуға кірісті
Еуропалық Одақ (ЕО) Қытай мен АҚШ арасындағы сауда қақтығысы жағдайында сирек кездесетін элементтерге тәуелділікті азайту мақсатында жаңа стратегия әзірлеуде. Бұл туралы Reuters агенттігі Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Лейеннің мәлімдемесіне сілтеме жасап жариялады.
-
ТЖМ ұшқыштары Ақтөбе облысында екі санитарлық рейс орындады
Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» әуе компаниясының ұшқыштары науқастарды тасымалдау үшін санитарлық рейстер орындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанадағы жәрмеңкеде ақмолалық аграршылар 460 тоннадан астам өнім ұсынды
Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылаған соңғы жәрмеңке өтті.
-
Тұман және жел: еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды
Ертең, 26 қазанда, Қазақстанның бірқатар аймағында ауа райының қолайсыз құбылыстары күтіледі.
-
Қазақстандық жеңіл атлеттер жасөспірімдер Азиадасында топ жарды
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан тағы екі медальға қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбеде екі жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді
Ақтөбе облысы Қобда ауданында халықтың денсаулығын сақтау саласында тағы бір игі қадам жасалды. Жарық және Өтек ауылдарында жаңа медициналық пункттер пайдалануға берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда 37,8 млн тонна мал азығы дайындалды
Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сүйенсек, елімізде барлығы 37,8 млн тонна мал азығы дайындалған, деп хабарлайды BAQ.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
-
Шымкентте республикалық асық ату турнирінің жеңімпазы көлік жеңіп алды
Шымкент қаласында көне ұлттық спорт түрлерінің бірі – асық ату бойынша еліміздегі ең ірі жарыс – екінші республикалық Respublica Asyq Atu турнирінің финалы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ-та Пентагонға 130 млн доллар көмек түсті
АҚШ Қорғаныс министрлігі 130 миллион доллар көлемінде анонимді қайырымдылық түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.
-
Париждегі қазақ жастары Республика күнін тойлады
Қазақстанның Франциядағы елшілігінде Республика күні мен Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның 35 жылдығына орай қазақстандық жастармен басқосу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ауа райы нашарлауына байланысты полиция жүргізушілерге ескерту жасады
25–27 қазан аралығында Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауа райының қолайсыз болуы күтіледі. Бұл жағдай республикалық маңызы бар автожолдардағы қозғалыс қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Нодира Ахмедова таеквондодан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды
Қазақстан құрамасының таеквондошысы Нодира Ахмедова Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ пен Жапония ЖИ мен 6G желілерін дамытуда күш біріктіреді
АҚШ пен Жапония жасанды интеллект пен жаңа буынды 6G ұялы байланыс технологиялары саласында стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қоюға әзірленуде. Бұл туралы жапон басылымы Nikkei мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда "Kazakh tazy" монотұқымдық көрмесі өтті
Алматыда Республика күніне орай Қазақы тызысына арналған көрмесі өтті. Көрмені Қазақстан кинологтар одағы ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Камчаткада жер сілкінді
Камчаткада соңғы тәулікте магнитудасы 5,4-ке дейін жеткен 16 афтершок (қайталама жер сілкінісі) болған. Солардың бірі өңірдегі елді мекендерде сезілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев Таиланд короліне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Таиланд Короліне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Республика күні Ақтөбеде Мемлекеттік Туды көтеру салтанаты өтті
Ақтөбеде Мемлекеттік Туды көтеруге арналған салтанатты іс-шара орталық саябақта өтті. Оған өңір басшысы Асхат Шахаров, қала әкімі Азамат Бекет, құқыққорғау органдарының өкілдері, әскери қызметшілер, қоғам қайраткерлері және қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Қазақстан Президентінің атына Республика күніне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұлттық мереке – Республика күніне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Таиланд королінің анасы қайтыс болды
93 жасында Таиланд королі Маха Вачиралонгкорнның анасы, бұрынғы патшайым Сирикит өмірден өтті. Ол елдің бұрынғы монархы Пхумипон Адульядетпен 60 жылдан астам уақыт некеде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ BBC-ге сілтеме жасап.
-
Алматыда мәдениет және ақпарат саласының қызметкерлері марапатталды
Алматыда Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының үлкен залында мәдениет, өнер, бұқаралық ақпарат құралдары, архив және кітапхана ісінің өкілдері жиналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тәуелсіздік рухын биіктеткендер
Тәуелсіздік – тек саяси ұғым емес, ұлттың рухани, мәдени және спорттық биігімен де өлшенеді. Қазақстанның егемендік жылдарындағы жетістіктерін айтқанда, ел намысын әлем аренасында қорғаған спортшылар мен қазақ өнерін жаһандық деңгейде танытқан мәдениет қайраткерлерінің еңбегі айрықша. Олар – Тәуелсіз Қазақстанның бет-бейнесін қалыптастырған, ұлт рухын асқақтатқан тұлғалар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Олжас Бектенов үстел теннисінен халықаралық турнирді ашты
Премьер-министр Олжас Бектенов үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің кубогына арналған халықаралық турнирдің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қар барысы Қырғызстанның ресми символы болып бекітілді
Қырғызстан министрлер кабинеті қар барысын елдің ұлттық символы ретінде ресми түрде бекітетін қаулыны мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Қырғыз Республикасы министрлер кабинетінің сайтына сілтеме жасап.
-
ҚР ҰҚК төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының жаңа орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Қазақстанда Республика күніне орай 200-ге жуық өнеркәсіп нысандары ашылды
Республика күніне орай Қазақстанда 200-ге жуық жаңа әлеуметтік маңызы бар және өнеркәсіптік нысандар ашылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
"Ақорда" резиденциясының алдындағы алаңда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне және Қазақстанның Егемендік туралы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қайтарылған активтер: Қарағанды облысында қаржы қандай мақсатқа жұмсалуда
Қарағанды облысында мемлекетке қайтарылған активтер коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға бағытталды. Бұл қаражат есебінен тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге арналған тоғыз жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Теннис: Рыбакина Токио турнирінен шеттетілді
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токиода өтіп жатқан WTA-500 турнирінің жартылай финалынан бас тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада көрме-жәрмеңке өтіп жатыр
Елордада АstanaАrt-Fair заманауи өнер көрме-жәрмеңкесі ашылды. Галереяға қатысушылар, бірлестіктер, Орталық Азия мен Ресей елдерінің танымал авторлары мен жаңа есімдері бар, олар өз жұмыстарын көрмеге және сатуға ұсынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ТМҰ-ға мүше елдердің өнеркәсіп министрлері Қазақстанда кездеседі
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Рахымжан Исақұлов Баку қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Өнеркәсіп, ғылым, технология және инновация министрлерінің 2-ші кездесуіне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мемлекет басшысы Шұғыла Өмірбекті жеңісімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шұғыла Өмірбекті әйелдер арасындағы күрестен U23 әлем чемпионатының жеңімпазы атануымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін – Республика күні!
25 қазан Қазақстан халқы үшін ұлтық мереке – Республика күні тойланады. Бұл күн Қазақстанның мемлекеттігі мен тәуелсіздігін нығайту жолындағы маңызды тарихи оқиғалардың бірі ретінде бекітілген.
-
Қазақстанның көк туы әрдайым биікте желбіресін! – Президент құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ Колумбия президенті мен оның аумағына қарсы санкциялар енгізді
АҚШ Қазынашылық министрлігі Колумбия президенті Густаво Петро мен оның жақын айналасына қарсы санкциялар енгізгенін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ұлыбритания мешіттерде қауіпсіздікті күшейтеді
Ұлыбритания үкіметі шабуылдардан қорғану үшін мешіттер мен мұсылман орталықтарындағы қауіпсіздік шараларын кеңейтуге 10 миллион фунт стерлинг (шамамен 13,3 миллион доллар) бөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тарихи алтын: Шұғыла Әмірбек әлем чемпионы атанды
55 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Шұғыла Әмірбек (Өмірбек) 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Әлем чемпионатында топ жарып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Халық заңгері": 31 қазанда қазақстандықтар тегін құқықтық кеңес ала алады
2025 жылдың 31 қазанында еліміздің барлық қалаларында және ірі елді мекендерінде "Халық заңгері" атты республикалық акция өтеді. Бұл күні кез келген азамат мамандардан кәсіби және тегін құқықтық кеңес ала алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Осакаров ауданында заманауи Жедел басқару орталығы іске қосылды
Республика күні қарсаңында Осакаров аудандық полиция бөлімінің ғимаратында жаңа Жедел басқару орталығы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтауда полиция қызметкері жол апатына ұшырап, қайтыс болды
Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысында жол апаты салдарынан полиция қызметкері қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сот Ыстамбұлдың бұрынғы мэрін сыбайлас жемқорлық айыптаулары бойынша ақтады
Түркия соты Стамбұлдың бұрынғы мэрі Экрем Имамоглуды Бейликдюзу аудандық префектурасының басшысы қызметінде болған кезіндегі сыбайлас жемқорлық айыптаулары бойынша ақтады, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.
-
Димаш Құдайберген Вьетнамдағы музыкалық фестивальде ән шырқайды
2025 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Вьетнамдағы 8WONDER Winter 2025: Symphony of Stars мәдени фестивалінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх