Все новости за 19 қыркүйек 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Бұршақ, аяз, найзағай: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 20 қыркүйекте Қазақстанның 16 облысында найзағай, қатты жаңбыр, бұршақ пен өрт қаупіне байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыдағы Backstreet Boys концерті: қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Алматыда қала күні қарсаңында өтетін Backstreet Boys концертіне дайындық қызу жүріп жатыр. Күздің ең ірі мәдени оқиғаларының бірі саналатын бұл шараға шамамен 27 мың көрермен жиналмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан Дүниежүзілік пошта одағының Пошталық операциялар кеңесіне мүше болды
Дүниежүзілік пошта одағының (ДПО) 28-ші Конгресі аясында өткен сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан Пошталық операциялар кеңесіне мүше болып сайланды.
-
Түркістанның энергетика саласына 2029 жылға дейін 60 млрд теңге инвестиция салынады
Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғыртуға бағытталған Ұлттық жоба іске асырыла бастады.
-
Алматыда заңсыз лотерея ұйымдастырған блогерге айыппұл салынды
Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Instagram желісіндегі "Justking31" аккаунтына қатысты заңсыз лотерея қызметін анықтады.
-
Талдықорғанда жүк көлігі қоршауға соғылып, газ құбырын зақымдады
Талдықорған қаласында Газ-53 жүк көлігі қоршауға соғылып, газ магистральдық желісін зақымдады.
-
"Алло, сізге сыйлық жіберілген"...
Ақтөбеде алаяқтар "Сізге сыйлық жіберілді" деген желеумен қоңырау шалып, тұрғындарды алдауда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сұлулық пен күтімге ең көп қаржы жұмсайтын қазақстандықтар қай қалада тұрады?
Қазақстанның Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының 2025 жылдың II тоқсанына жүргізген ірі зерттеу нәтижелері бойынша, Шымкент қаласы сән мен жеке күтімге ең көп қаржы жұмсайтын өңір ретінде көш бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Семейде эвакуатордың соңынан қудалау атысқа ұласты
Семейде эвакуатор жүргізушісі патруль полициясының тоқтау талабынан бас тартып, қашып кетуге әрекет жасаған. Сол себепті тәртіп сақшылары қару қолдануға мәжбүр болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлем чемпиондарына құрмет: Қазақстан боксшылары марапатталды
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Англияның Ливерпуль қаласында өткен World Boxing аясындағы тұңғыш әлем чемпионатында тарихи жеңіске жетіп, жалпыкомандалық есепте көш бастаған Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары, жаттықтырушылары және федерация өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда қаржы қылмыстарына қарсы заң күшейтілді
Мемлекет басшысы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға, терроризмді және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылды күшейтуге бағытталған заңға қол қойды.
-
2026 жылдан бастап зейнетақы жинағынан ақша алғандар салық төлемейді
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан артық ақшасын алған азаматтардан жеке табыс салығы алынбайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда атақты "Байсат" базары сатылымға шығарылды
“Барахолкадағы” "Байсат" көтерме-бөлшек сауда орталығы аукционға сатылымға шығарылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандағы теміржол инфрақұрылымының тозуы: жаңа вагондар неге саланы құтқармайды?
Қазақстандағы теміржол жолдарының шамамен 60 пайызы тозған. Бұл жағдай жолаушылар мен жүк тасымалының қауіпсіздігіне қатер төндіреді: апат, пойыздардың рельстен шығуы және қозғалыстың кідірісі қаупі артады. Бұған қоса, ескірген инфрақұрылым пойыздардың жылдамдығын шектеп, тасымал сапасын төмендетеді.
-
Жерді бөлу енді толық цифрлық форматқа көшеді
2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін мемлекет меншігіне 13,7 млн гектар жер қайтарылды. Оның ішінде 6,2 млн гектары қайта бөлінді. 2,1 млн гектар жер елді мекендерге жақын орналасқандықтан, ауыл тұрғындарының мал жаюына ортақ пайдалануға берілсе, қалған 4,1 млн-ы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер арасында конкурс арқылы бөлінді. Сонымен қатар жер пайдаланушылар өздеріне тиесілі 4 млн гектар жерді игеруге кірісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ұлттық архивте "Ашық есік күні" өтеді
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» РММ-і «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы негізінде 2025 жылдың 19 қыркүйек күні «Ашық есік күнін» өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Ақшаға сүртіп берді": Алматы полициясы даулы видеоға пікір білдірді
Жақында әлеуметтік желілерде бір қыздың даяшыға ерекше өтініш жасаған видеосы кең тарады. Ол әдепсіз әдетке барып, даяшыдан аяғын сүртіп беруін сұраған. Жарияланған ақпаратқа сәйкес, қыз оған ақша төлейтінін айтқан. Аталған жағдайға қатысты полиция пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Темекі, аяқ киім, дәрі-дәрмек: Міндетті таңбалау тиімділігін көрсетті
Премьер-министр Олжас Бектенов халықаралық бизнес-қоғамдастық пен дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда шахматтан кадеттер арасындағы әлем чемпионаты басталды
Турнир 2025 жылғы 19-30 қыркүйек аралығында өтеді. Жас санаттары – U8, U10 және U12, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаевтың АҚШ-қа сапары дипломатия мен стратегияның түйісуі – сарапшы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21-23 қыркүйек күндері Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарымен барады. Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясына қатысып, бірқатар мемлекеттің және халықаралық ұйымдардың басшыларымен келіссөз жүргізеді.Бұл сапардың маңыздылы қандай болмақ, сарапшының пікірін білген едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада 13-қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды
Астанада 13-қабаттағы балконнан секірмек болған ер адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда ең арзан iPhone 17 бағасы қанша?
Қазақстандағы Apple-дің ресми серіктестері жаңа iPhone 17 желісінің бағасын жариялады. Модельдер әртүрлі жады көлемінде қолжетімді болады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада 260 мың адам вирустық инфекцияға шалдықты
Астаналықтар биылғы маусымда ЖРВИ-мен өткен жылға қарағанда жиірек ауырған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Польшада оқитын қазақ қызы: Шетелдегі өмір мен поляктардың мәдениеті жайлы
Қазақ жастарының арасында шетелде білім алуға қызығушылық артып келеді. Варшавада оқып жүрген отандасымыз Жанерке Қанатқызы Польшадағы білім беру жүйесі, студенттерге жасалған жағдай және мәдени айырмашылықтар жайлы BAQ.KZ тілшісіне әңгімелеп берді.
-
Фельдшерді қорлаған тұрғын айыппұл арқалады
Жамбыл облысында медицина қызметкерін қорлаған тұрғын жазаға тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қартаюды баяулатып, ұзақ өмір сүру үшін қай уақытта ұйықтау керек
Мамандардың айтуынша, дұрыс ұйқы қартаюды баяулатып, денсаулықты сақтауда шешуші рөл атқарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Танымал әнші Амре халықаралық байқауда ерекше қойылым көрсетпек
Қазақстандық әнші Амре халықаралық “Интервидение – 2025” байқауында “Дала таңы” композициясын орындайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жеке мобильді аударымдар: Нені білген жөн?
Қазақстанда қыркүйектен бастап жеке мобильді аударымдар туралы деректер қатаң тексерілетіні бұған дейін де айтылып келеді. Азаматтар шотына келіп түсетін жеке мобильді аударымдар туралы нені білген жөн? Көпшілікті толғандырған сұрақтарды салық сарапшысы Айнұр Сартаева талдап, түсіндіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бокстан әлем чемпиондарына қомақты сыйақы беріледі
Әлем чемпионатында жүлделі орын алған боксшылар мен бапкерлерге Қазақстан бокс федерациясы сыйақы береді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандықтар шай ішуді азайтты
Қазақстанда қара шайды тұтыну төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
СҚО мектебіндегі буллинг: Министрлік мәлімдеме жасады
Солтүстік Қазақстан облысындағы олимпиадалық резерв мектебінде болған оқиғаға байланысты Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті арнайы шаралар қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда жылу беру маусымы қашан басталады?
Алматы қаласы тұрғындарына жылу қашан берілетіні айтылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Үйінен 150-ден астам өлі мысық табылған әйел қамауға алынды
Үйінен 150-ден астам өлі мысық табылған 51 жастағы жұмыссыз әйел жануарларды қорғау заңын бұзды деген күдікпен қамауға алынды. Тергеу барысында ол мысықтарды бағып-қағу қиындағанын мойындады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда демалыс күндері Тәжікстанның ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
20-21 қыркүйекте Алматының Алатау ауданында Тәжікстанның Хатлон облысынан келген 40 фермер 200 тоннадан астам жаңа өнім әкелетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Жеміс-жидек, көкөніс, шығыс тәттілері делдалсыз қолжетімді бағамен сатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сейфтерді ұрлаған банк қызметкері 12 жылға сотталуы мүмкін
Ол алтын құймалар мен қолма-қол ақшаны клиенттердің сейфтерінен жымқырғанын мойындады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Japan Today басылымына сілтеме жасап.
-
Бұл командаға қатты соққы болды – "Қайрат" ФК бапкері "Спортингтен" жеңіліс туралы
Футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин “Қайраттың” “Спортингпен” өткен ойындағы сәтсіздігіне пікір білдірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
"Дәрігер емес, ассистент жұлып тастаған": Тіс емханасы пациентке өтемақы төледі
Қызылордада ер адам тісін жұлдырғаннан кейін ауруханаға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ер адам досының үйіне келдім деп, прокуратура қақпасын бүлдірген
Жезқазғанда масаң күйдегі азамат досының үйін прокуратура ғимараты деп шатастырып, қақпаны бүлдірді. Сот оны кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда жүргізуші куәлігі кімдерге берілмейді
2025 жылғы тамызда Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында үш баланың өмірін қиған қайғылы жағдай болды. Ауылдастарының сөзінше, көлікті басқарған 55 жастағы жергілікті тұрғынның эпилепсия мен жүректің ауыр дертіне шалдыққан. Автомобиль жолдан шығып кетіп, үй қақпасының жанында тұрған балаларды қағып кеткен оқиға көпшілікті дүр сілкіндірді. Бұл оқиға ауыр диагнозы бар адамдардың жүргізуші куәлігін қалай алып жүргені жөнінде қоғамда сұрақ туғызды. Осыған байланысты BAQ.KZ редакциясы түсініктеме алу үшін Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігіне жүгінді.
-
Демалыс күндері қар жауады
Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, кей өңірлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ пен қатты жел күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
TikTok-тағы арандату: Ұлттық араздық тудырған 11 адам жауапқа тартылды
2025 жылдың ағымдағы кезеңінде ұлттық және діни араздықты қоздыру фактісі бойынша 11 адам сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Отбасы банк" қазаннан бастап онлайн төлемдерге шектеу қояды
2025 жылдың 1 қазанынан бастап "Отбасы банк" жалдау және ипотека төлемдеріне қатысты онлайн операцияларды шектейді. Төлемдер тек жұмыс күндері 9:00-17:00 аралығында бөлімшеде немесе "Баспана Маркет" порталы арқылы қабылданады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі қаржы ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Алматы облысындағы полигондағы өртті бесінші тәулік сөндіріп жатыр
Алматы облысында қоқыс полигонындағы өртті жою жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Кім бір уақытта екі жерде жұмыс істей алады? – Министрлік ресми мәлімдеме жасады
Қазақстан азаматтарына бір уақытта бірнеше жұмыс орнында еңбек етуге рұқсат етіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Талибандар университеттерде әйелдер жазған кітаптарды оқытуға тыйым салды
Ауғанстандағы талибан үкіметі жаңа жарлық шығарып, елдегі университеттерде әйелдер жазған кітаптарды оқытуға тыйым салды. Сонымен қатар адам құқықтары мен жыныстық бопсалау тақырыптары да оқу бағдарламасынан алынып тасталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.
-
Қытайда қазақ ұны мен балына сұраныс жоғары
Қытайдың Сиань қаласында орналасқан “Айцзюй” астық-май корпорациясы Қазақстаннан жеткізілетін ұн мен балға ерекше қызығушылық бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Сиань қаласынан.
-
Әлемде: Сауд Арабиясы-Пәкістан одағы, Газада қантөгіс, Трамптан саяси қысым, Қытайда әуе рекорды
BAQ.KZ тілшісі соңғы тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылды.
-
Қойшы тірідей көмілген жаңа туған сәбиді тауып алған
Үндістанның ең халқы көп Уттар-Прадеш штатында туғанына небәрі 20 күн ғана болған қыз бала тірідей көмілген жерінен табылды. Қазір сәби өмір үшін күресіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.
-
"Қайрат" Чемпиондар лигасында "Спортингтен" ойсырай ұтылды
Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы ойында Лиссабонда португалиялық "Спортингке" 1:4 есебімен жеңілді. Келесі матч 30 қыркүйекте мадридтік "Реалға" қарсы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда жасанды интеллект қылмысты болжауға кірісті
Мемлекет басшысы өз Жолдауында киберқауіпсіздікті күшейтудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев 2 күннен кейін Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21-23 қыркүйек күндері Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
ДДСҰ дабыл қағуда: Эбола дертінен қайтыс болғандар екі есе артты
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Демократиялық Конго Республикасында Эбола безгегінің жаңа өршуі салдарынан қайтыс болғандар санының артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
-
Астаналық оқушылар дауысын жоғалтқан адамдарға ерекше құрылғы ойлап тапты
Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушылары дауысынан айырылған адамдарға қайтадан табиғи сөйлеу мүмкіндігін беретін ерекше құрылғы ойлап тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бір қасық – бір тостақ: Шымкенттегі балабақшадан шу шықты
Шымкентте жекеменшік балабақша төңірегінде жанжал шықты. Кіші топтың ата-аналары мектепке дейінгі мекемеге тексеру үшін барып, антисанитарлық жағдайдан шошып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.
-
Алматыдағы "Байсат" базары сатылымға шығарылды
Базардың бастапқы құны – 28,6 млрд теңге. Сауда E-Qazyna порталында 2025 жылғы 18 қараша күні өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Диспетчер қалғып кеткен". Әуе мен теңіз арасындағы ұшақ 18 минут айдында қалықтады
Парижден Корсикаға ұшқан француз ұшағы біраз уақыт теңіз үстінде жүре тұруға мәжбүр болды. Кешігуге күтпеген жағдай себеп болды: Аяччо әуежайындағы кезекші диспетчер кезекшілік кезінде ұйықтап қалды. Нәтижесінде ол жалғыз ұшу-қону жолағындағы жарықтандыру жүйесін уақытында іске қоса алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жұмыс уақытының ауысуы Астанадағы кептелісті азайтты ма?
Осы аптадан Астана қаласындағы 25 мыңға жуық қызметкердің жұмыс уақыты 9:00-ден 7:30-8:00 аралығына ауысты. Бұл өзгеріс таңғы және кешкі уақытта негізгі магистральдардағы көлік кептелесін азайтуға бағытталған. Әкімдіктің бұл шешіміне қатысты урбанист маманның пікірі қандай және қалада көлік кептелісі азайды ма, BAQ.KZ тілшісі материалынан оқи аласыз.
-
"Ворошиловское" су қоймасы мемлекетке қайтарылды
Жоғарғы соттың баспасөз қызметі кезекті кейсімен бөлісті. "Ворошиловское" су қоймасы мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Трамп Путинді Украинадағы соғысты тоқтатуға мәжбүр ететінін түсіндірді
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путин ресейлік мұнайдың бағасы төмендесе, Украинадағы соғысты тоқтатуға мәжбүр болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Трамп: "Ол мені ренжітті"
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путиннің АҚШ-тың Украинадағы соғысты тоқтату әрекетіне қарамастан, әскери әрекетін жалғастырып, оны қатты ренжіткенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
19 қыркүйекке арналған валюта бағамы жарияланды
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Камчаткада жойқын жер сілкінісі тіркеліп, цунами қаупі төнді
Камчатка жағалауында 7,2 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.
-
Қазақстан кубогында үздік семсерлесушілер анықталды
Қарағандыда семсерлесуден ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан кубогы жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Францияда миллионнан астам адам ереуілге шықты
Француздар қатаң экономика – үнемдеу саясатына наразылық білдіруде. CGT француз кәсіподақ орталығының мәліметінше, ел бойынша миллионнан астам адам президент Эммануэль Макрон үкіметінің үнемдеу саясатына наразылық білдіріп, көшеге шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ France 24 арнасыныа сілтеме жасап.
-
LRT құрылысы: Астанада орталық көшелердің бірі жабылады
Астанада LRT құрылысына байланысты жол қозғалысы уақытша шектелетін болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх