Все новости за 18 қыркүйек 2024
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қарағанды облысында ірі қарадан қарасан анықталып, ауыл карантинге жабылды
Қарағанды облысында ірі қарадан қарасан ауруы анықталды. Қарқаралы ауданындадағы Сартау қыстағында бірден 14 бұзау өліп, карантинге жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада газ-ауа қоспасының тарсылы болды
Алматы ауданының Құдайбердіұлы даңғылында орналасқан донер әзірлейтін үй-жайда өрт орын алып, газ-ауа қоспасының тарсылы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шымкентте жалдамалы пәтерден шетелдік екі студенттің денесі табылды
Кеше таңертең Шымкенттегі Әл-Фараби ауданындағы пәтерлердің бірінен үндістандық екі студенттің мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізге екі аптада жарты миллионнан аса турист келді
Қыркүйек айында өткен іс-шаралардың нәтижесінде Қазақстанға 2024 жылғы 1-13 қыркүйек аралығында келген шетелдік туристер саны 597 мыңға жетті. Оның 68 мыңы елімізге Астана және Алматы халықаралық әуежайлары арқылы, қалғандары авто және темір жол көлігімен келген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Қазгидромет": ертең, 19 қыркүйекте бірқатар өңірде үсік жүреді
Қазақстанның басым бөлігінде алдағы бейсенбіде, 2024 жылы 19 қыркүйекте кең ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
-
Елордада емханаларға тіркелу науқаны жүргізіліп жатыр
Астанада алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына халықты бекіту науқаны басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Солтүстік Аралға жыл басынан шамамен 2 млрд текше метр су жіберілді
2024 жылдың басынан Солтүстік Арал теңізіне 1,9 млрд текше метр су жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодарда кезекте тұрған 300-ге жуық адам баспана алды
Бүгін Павлодарда үй кезегінде тұрған 288 адамға жалға берілетін пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Павлодар облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Еңбекмині Бас прокуратураның ескертулерін ескере отырып, НҚА-ға түзетулер әзірледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Үкіметінің атына жіберілген қадағалау актісінде көрсетілген Бас прокуратурасының ескертулерін ескере отырып, азаматтарды еңбек күші артық өңірлерден еңбек күші тапшы өңірлерге ерікті түрде көшіру мәселелерін реттеу саласындағы қолданыстағы НҚА-ға түзетулердің үшінші пакетін әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ертең басталады. Тұрғын үйді қалай жекешелендіруге болады
-
Ақтөбе облысында 200-ден астам отбасы апатты үйде тұрып жатыр
Ақтөбе облысында апаттық тұрғын үй кезегінде 216 отбасы тіркеліп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Көк-Төбенің" жарығы қалай реттеледі
«Көк-Төбе» телемұнарасында сәулеттік жарықтандыруға халықаралық тәсіл енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Оңтүстік Америкада орман өрті өршіп тұр
Оңтүстік Америка елдері Перу мен Колумбияда орман өрті басылар емес, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
-
АМӨЗ: Мұнай өнімдерінің тапшылығы болмайды
1-қазан күні Атырау облысындағы мұнай өңдеу зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстары басталады. Технологиялық жабдықтар мен құбырлардың өнеркәсіптік қауіпсіздігін техникалық куәландыру, тексеру және сараптау жөніндегі іс-шаралар кешені жүргізілмекші. Соған қарамастан, өңірде тапшылық болмайды дейді жауаптылар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Кім алда: Қазақстан еңбекақы мөлшері бойынша әлемде 67-ші орынға ие болды
Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Numbeo деректеріне сай елдер бойынша жасалған рейтингте Қазақстан жалақы мөлшері бойынша әлемдегі 96 елдің ішінде 67-ші орында тұр. Елдегі орташа айлық жалақы 582,4 АҚШ долларын құрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарағандыда бір шешіммен игерілмеген бес жер учаскесі алып қойылды
Қарағанды облысының Жер ресурстарын басқару департаменті келіп түскен өтініштер негізінде объектілерді салуға арналған жер учаскелерін ұзақ уақыт пайдаланбау фактісі бойынша төрт жер пайдаланушыға қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Көрші елдерге қатты тәуелдіміз". Сарапшы неге атом энергиясы керегін түсіндірді
Сарапшы-энергетик Жәнібек Байдулла Қазақстанда АЭС-тің екі блогы салынса, не өзгеретінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Бекіре-2024". 30-ға жуық тұрғын жауапқа тартылды
Жайық-Каспий бассейні аумағындағы акция 10 қыркүйек күні басталған
-
Шығыс Қазақстан облысында aстық алқаптарының 84,6%-ы жиналды
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барып, егін жинау жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан БҰҰ электронды үкімет бойынша әлемдік рейтингінде 24-орынға ие болды
Қазақстан цифрлық басқару саласында жаһандық аренадағы позицияларын нығайтуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев Қырғызстанмен шекарада өнеркәсіптік сауда-логистикалық кешен құру туралы келісімді ратификациялады
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сенатта атом және энергетика саласын дамыту мәселелері талқыланды
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары атом және энергетика саласын дамыту мәселелері бойынша Энергетика министрлігінің өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан әскері келеді. Министрлік мәлімдеме жасады
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі ҰҚШҰ-ның алдағы жаттығуларына қатысты ресми хабарлама таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жетісуда көмір қымбаттады
Өңір әлі толық газбен қамтылған жоқ, әлі де көмірге мұқтаж халық бар. Ал биыл қара отынның бағасы жоғары көтерілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Руслан Берденов өзін алаңдатып жүрген проблеманы айтты
Мәжіліс депутаты Руслан Берденов Премьер-министр Олжас Бектеновке синтетикалық есірткілерге қатысты сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қарақат Әбден ауылда жұмыс істейтіндерге төлемақы беруді ұсынды
Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден ауыл тұрғындарын қолдау мақсатында ауылда жұмыс істейтіндерге қосымша төлемақы беру мәселесін пысықтау керегін ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Жыл волонтері" халықаралық сыйлығына үміткерлердің тізімі жарияланды
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына онлайн дауыс беру кезеңіне өткен үміткерлердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тельман Малаев: Ақтөбеде мамандар тапшы, сондықтан жолдар сапасыз салынады
Ақтөбе облысындағы бүгінгі өзекті мәселелердің бірі — жол.
-
Жетісуда жоғалып кеткен 3 жасар баланың денесі табылды
Жетісу облысында 11 күн бұрын Көксу ауылында хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 3 жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
СҚО-да қазақстандық өнімді Қытайға экспорттау бойынша ең ірі орталық құрылуда
СҚО-да қазақстандық өнімді өңдеу және Қытайға экспорттау бойынша ең ірі орталық құрылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Еркін Дүсіпов: Жаңа оқу корпусының берілуі – QyzPU үшін тарихи оқиға
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне мемлекет тарапынан жаңа ғимарат заңды түрде пайдалануға берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарағандының екі бірдей жылу беру нысаны қысқа дайындық паспортын алды
Қарағандыда 1-ЖЭО және 3-ЖЭО алдағы жылыту маусымына дайындық паспорттарын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
-
Жетісу жұрты жылу сұрап отыр
Күн күрт суып кетті. Талдықорғандық тұрғындар балалардың денсаулығына алаңдап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқару комитетінің жұмыс жоспары бекітілді
Қазақстанның Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық ету кезеңіне арналған Атқару комитетінің жұмыс жоспары бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодарлық құтқарушыларға 34 мың қоңырау түскен
Павлодар облысының шұғыл қызметтерінің номерлеріне жыл басынан бері 34 мыңға жуық қоңырау түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
-
Дүниежүзілік тазалық күні өтеді
Жыл сайын бүкіл әлем бойынша "World Cleanup Day" акциясы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
-
Қарақұртпен күрес. 150 гектар жер залалсыздандырылды
Баянауыл ауданында қарақұрттармен күрес жұмыстары шеңберінде Торайғыр ауылдық округінің аумағында 150 гектар жерде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
-
3 млн-нан астам бала қосымша білім берумен қамтылады
2024-2025 оқу жылында елімізде 3 млн-нан астам бала қосымша білім берумен қамтылады деп жоспарлануда. Бұл жалпы білім алушылардың 86,3%-ы, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда базардан тағы да өрт шықты
Алапат жалын Жетісу ауданындағы базардағы екі қабатты асханадан шыққан, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы тағайындалды
-
Терроризмге қарсы қызметінің бастығы тағайындалды
Бақытбек Рахымбердиев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Баянауыл ауданында инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда
Баянауыл ауданында туризм бизнесімен 90 кәсіпкер жұмыс істейді. Саланы дамытып, тынығушыларға сапалы қызмет көрсету мақсатында инвестициялық жобалар қолға алынған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда зейнеткерді автобус қағып кетті
Жол апаты қаланың Бостандық ауданындағы Тимирязев көшесінде болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қарағандыда әскери бөлімде ашық есік күні ұйымдастырылды
Қарағандыда ата-аналар 31775 әскери бөліміне барып, сарбаздардың әскери борышын өтеу жағдайымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Аралды құтқару қоры басқармасының бірінші отырысы өтті
Астанада Қазақстанның төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қоры басқармасының бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мүгедектігі және асыраушысынан айырылғандарға қанша төлем төленді
Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 408,1 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Параканоэден Қазақстанның ашық кубогі басталды
Түркістанда параканоэден Қазақстан Республикасының ашық кубогы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
-
Депутат: Азаматтарымыз алдымен үй алуға, сосын оны жөндеуге несие алады
Көптеген отандасымыз алғашында үй үшін несие алса, содан кейін сол үйге жөндеу жұмыстарына несие алады. Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау осы мәселені көтеріп, сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елордада полиция қызметкерлері тұрғыннан 1,5 келі гашиш тәркіледі
Жедел-іздестіру шаралары барысында елордалық полицейлер есірткі сақтады деген күдікпен 50 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Елімізде жылу ертерек беріле ме? - вице-министр жауап берді
Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов елімізде жылу ертерек берілуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Фоторепортаж. Саран - Қазақстанды қоғамдық көлікпен қамтып отыр
Елімізде ерекше көзге түсіп жүрген автобустар Қарағанды облысының шағын ғана Саран қаласында құрастырылады.
-
Тұрлыханов қазақ спортын қалай дамыту керегін айтты
Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов қазақ спортын дамытуға қатысты ұсыныстарын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Халықтан қашпаңыздар": Зайытов меморгандар жұмысын сынады
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов мемлекеттік органдардың жұмысын сынап, Бас прокурорға сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда 100-ден астам экономикалық қылмыс тіркелген
Мегаполисте криптовалютаны заңсыз пайдаланғандарды анықтайтын «Криптон» бөлімшесі құрылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Екібастұзда жылу беріле бастады
Павлодар өңірі жылыту маусымын биыл бір апта ерте бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
-
Депутат зейнетақыны көбейтуді ұсынды
Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден ауыл тұрғындарының зейнетақысын көбейтуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сарбаздар армияда жарақат алып, қайтыс болып жатыр. Депутат мәселені қолға алуды ұсынды
Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа қазақ әскеріндегі қазіргі ахуалға қатысты сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Семейлік екі сиырды жигулиіне тиеп алған
Семейде сиырларды "жигулидің" артқы орындығына тиеп алған ер адам анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мәжіліс поштаға қатысты заң жобасын жұмысқа алды
Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Пошта туралы» заң жобасын жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шымкентте дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің басшысы сотталды
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Шымкент қаласының дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері» КММ басшысы И. Долбиловаға және осы ұйымның бухгалтері М. Абдукаримоваға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тауар биржаларына қатысты бақылау кеңейтіледі
Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биржалық сауда мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Аралды құтқару қорының басым міндеттері талқыланды
Олжас Бектенов Орталық Азия елдері делегациялары басшыларымен Аралды құтқару қорының басым міндеттерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Белгілі режиссер Фархад Молдағали арнайы сыйлыққа ие болды
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Фархад Молдағали «Звезды содружества» арнайы сыйлығының иегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жердің құнарлығын арттыруға арналған заң қабылдау қажет – маман
Ө.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ҒЗИ «Тұзданған топырақтарды мелиорациялау» бөлімінің меңгерушісі, PhD Мақсат Пошанов Мемлекет басшысының жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Жерлестеріміз ішімдік ішуден қай елдерді басып озған
Қазақстандықтар ішімдік ішуден 180 елдің ішінде 100-орынға жайғасты. Ал Орталық Азия елдерінің арасында бірінші орынды алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Energyprom-ға сілтеме жасап.
-
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Ұлттық банк 18 қыркүйекке арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін 4 адам жауапқа тартылды
Республикалық референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін 4 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
1200-ге жуық астаналық әскер қатарын толықтырады
Астана қаласының Жастар сарайында күзгі әскерге шақыру науқанында Отан қорғауға келген азаматтарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Алғашқы лек Шекара қызметіне аттанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау басталды
Қазақстанда қыздарды жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы – адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тамыз айында 8 өңірде жылдық инфляция баяулады
Тамызда елде жылдық инфляция баяулап, 8,4%-ды құрады (шілдеде – 8,6%). Жылдық инфляция 8 өңірде баяулады, 8 өңірде қарқын алып, 4 өңірде өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбе өңірінде 27 ауылға газ беріледі
Биыл Ақтөбе облысында мың жарымға жуық тұрғыны бар Мұғалжар ауданының Жарық, Темір ауданының Алтықарасу, Еңбекші ауылдарына газ құбыры тартылады, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Төрт қалада ауа сапасы нашарлайды
18 қыркүйекте еліміздің бірнеше қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Бірнеше облыста шөп өртенді
Өткен тәулікте Абай, Алматы, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында шөптің 4 жануы орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Суасты мәдени мұрасы" фотокөрмесі ашылды
Алматыдағы ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейімен бірлесіп "Суасты мәдени мұрасы" фотокөрмесін ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
-
Әйелдер күресінен ел командасы әлем чемпионатына дайындалып жатыр
Әйелдер күресінен Қазақстан командасы Албанияның Тирана қаласында өтетін олимпиадалық емес салмақтардағы әлем чемпионатына дайындалып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
-
Алматыда Медеу ауданындағы көшеде қозғалыс шектеледі
18 қыркүйек сағат 7:00 бастап 19 қыркүйектің сағат 7:00 дейін Алматы қаласының Медеу ауданында Құрманғазы көшесі мен Достық даңғылының қиылысында автокөліктер үшін қозғалыс жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Министр Бейсембаев кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздарымен кездесті
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев WorldSkills Lyon - 2024 халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздарымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
-
Алматыда монша өртке оранды
Алматының өрт сөндірушілері өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
-
Қарағандыда 23 адам өрттен эвакуацияланды
Қарағанды облысында өрттен 23 адам құтқарылып, эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Алтын-қалам": Астанада қаламгерлердің семинар-форумы өтті
Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы "Руханият" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен "Алтын-қалам" тақырыбында семинар-форум өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Ливанда пейджер жарылып, сегіз адам көз жұмды
Ливанда пейджер жарылып, сегіз адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда әскери қызметші абайсызда атылған тапаншадан жарақат алды
Оқиға Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімшесінің оқу-жаттығу жұмыстарында болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Наверх