Баянауыл ауданында инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда

18 Қыркүйек 2024, 14:27
278
Бөлісу:
Баянауыл ауданында инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда
Фото: автордан

Баянауыл ауданында туризм бизнесімен 90 кәсіпкер жұмыс істейді. Саланы дамытып, тынығушыларға сапалы қызмет көрсету мақсатында инвестициялық жобалар қолға алынған, деп хабарлайды BAQ.KZ  тілшісі.

Туристік нысандардың басым бөлігі Жасыбай, Торайғыр демалыс аумағында орналасқан.

Аудан әкімі Ардақ Ксентаевтың айтуынша, туризм саласы бойынша негізгі бизнес нысандардың қатарында демалыс үйлері, қоғамдық тамақтану орындары мен сауда-саттық орталықтары бар.

Бұл бағытта ірі инвестициялық жобалар қолға алынған. Екі демалыс үйінің корпустары мен жол бойындағы қызмет көрсету орталықтары салынып жатыр. Бұл жобаларды жүзеге асыруға 2 млрд 670 мың теңге бөлінген, - дейді Ардақ Ксентаев.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, биылғы демалыс маусымында Баянауыл жерінің табиғатын тамашалауға 200 мыңнан астам адам келіп-кеткен. Туристік кезең жабылса да тынығушылар әлі де келіп жатыр. Жасыбай демалыс аумағында жыл бойы жұмыс істейтін қонақүйлер баршылық.

Демалыс орындарының аумағында абаттандыру жұмыстарынаа аудандық бюджеттен 27 млн теңге бөлінген. Бұл жұмыстар мамыр айында дайындық аясында жүргізілді. Атап айтқанда, дәретханаларды реттеу, белгілер орнату, жарықтандыру шамдарын ауыстыру сияқты жұмыстар атқарылды. Урнабинист мамандардың қатысуымен Сабындыкөлде бір шақырымнан асатын жағалау жасау жобасы әзірленді. Облыстық бюджеке өтініш тапсырылды. Сонымен қатар, визит-орталық құру бойынша бюджеттік өтінім жіберілді. Жоба екі жыл ішінде жүзеге асырылмақ. Бір сөзбен айтқанда Сабындыкөлдің де туристік тартымдылығын арттыруды көздеп отырмыз, - дейді Ардақ Ксентаев.

Өзгелердің жаңалығы