"Алтын-қалам": Астанада қаламгерлердің семинар-форумы өтті

18 Қыркүйек 2024, 01:25
358
Бөлісу:
"Алтын-қалам": Астанада қаламгерлердің семинар-форумы өтті
Фото: gov.kz

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы "Руханият" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен "Алтын-қалам" тақырыбында семинар-форум өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Семинар-форумға елордалық қаламгерлер, ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Қазақстан Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының директоры, ақын Дәулеткерей Кәпұлының жүргізуімен өткен іс-шараға Астана қалалық филиалындағы ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері қатысып, ел өміріндегі өзекті мәселелерді ортаға салды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел болашағы үшін айтылған мәселелер кеңінен талқыланды.

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Зиябекұлы басқарма тарапынан атқарылып жатқан істер туралы баяндама жасап, алдағы жұмыстарға тоқталып, қаламгерлердің қандай да бір ұсыныстары болса ескерусіз қалмайтынын жеткізді.

Әдебиет, мәдениет төңерегінде қалам тербеп жүрген жазушылар өз ұсыныстарын ортаға салды.

Сондай-ақ жиын барысында қазіргі әдебиеттің жағдайы, жастардың беталысы, қаламақы мәселесі сияқты көптеген түйткілді түйіндердің шешу жолдары қарастырылды.

Жиында АЭС тақырыбы да назардан тыс қалмады. Зиялы қауым өкілдері қоғамның бір бөлігі ретінде бұл мәселеге аса қатты назар аударатындықтарын жеткізіп, оның тиімді және тиімсіз тұстары, алдағы уақытта мамандар тарапынан жіті түсіндірілсе деп түйіндеді.

Өзгелердің жаңалығы