Алматыда 100-ден астам экономикалық қылмыс тіркелген

18 Қыркүйек 2024, 12:05
323
Бөлісу:
Алматыда 100-ден астам экономикалық қылмыс тіркелген
Фото: Арман Мухатов -архив

Мегаполисте криптовалютаны заңсыз пайдаланғандарды анықтайтын «Криптон» бөлімшесі құрылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Данияр Ақжанов мәлімдеді.

Тергеу нәтижесінде мемлекетке мүлікке тыйым салу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, 47,7 млрд теңге қайтарылды.

Ақшаны жылыстату және заңсыз әрекеттерді қаржыландыру үшін жиі қолданылатын цифрлық активтердің заңсыз айналымымен күресуге баса назар аударылады. Алматыда экономикалық қылмыстың 79-ы сотқа жіберілген. Ауыр қылмыстар бойынша 68 жағдай тіркелген. 2023 жылғы 6 ақпанда күшіне енген «ҚР-дағы цифрлық активтер туралы» жаңа заңға сәйкес, Қазақстан аумағында «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағын қоспағанда, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығаруға және айналымға тыйым салынады, - деді Данияр Ақжанов.

Қазіргі уақытта Департамент 58,5 млн АҚШ долларынан астам сомаға цифрлық активтерді айырбастау жөніндегі заңсыз қызметке байланысты алты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Ең алдымен, криптовалюта транзакциялардың қауіпсіздігі мен анонимділігін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатынын түсіну керек, оны ЕДБ-дегі кез келген валюталық шот арқылы еркін айырбастауға, тауарлар мен қызметтерді сатып алуға, айырбастауға және қолма-қол ақшаға айналдыруға болады. Ол қолданушылар арасында барған сайын танымал бола түсуде, сонымен қатар қылмыскерлердің назарын аударады, өйткені оны ақшаны жылыстату, терроризмді және басқа да қылмыстарды қаржыландыру сияқты заңсыз мақсаттарда пайдалануға болады. Сондай-ақ криптовалютаны заңсыз пайдалану жағдайларын белсенді түрде зерттейтін цифрлық активтер саласындағы құқықбұзушылықтармен күресу үшін арнайы «Криптон» бөлімшесі құрылды, - деді Экономикалық тергеу департаментінің басшысы.

Өзгелердің жаңалығы