Тауар биржаларына қатысты бақылау кеңейтіледі

18 Қыркүйек 2024, 10:51
299
Бөлісу:
Тауар биржаларына қатысты бақылау кеңейтіледі
Фото: Арман Мухатов - архив

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биржалық сауда мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева құжаттың негізгі мақсатын түсіндіріп берді. Оның айтуынша, егер тауар биржалары ашық және ережелер бойынша жұмыс жасаса, экономикада маңызды рөл атқарады.

Мемлекет басшысы 2023 жылғы Жолдауында биржалық тауарларға ашық баға белгілеуді қалыптастыруды және нарықтан "қалта" биржаларын шығаруды тапсырды. Бұл заң жобасы осы тапсырманы орындау үшін әзірленді және бірқатар нақты мәселені шешеді, - деп айтты депутат.

Заң жобасының негізгі ұсыныстары мыналар:

  • тауар биржаларын шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері ретінде алып тастау;
  • стандартты аукционды және стандартталмаған тауарларды биржалық саудадан шығару;
  • стандартталмаған тауарлармен сауданы электронды сауда алаңдарына ауыстыру;
  • тауар биржалары жұмысының қаржылық тұрақтылығы мен ашықтығына қойылатын талаптарды арттыру;
  • тауар биржаларына қатысты мемлекеттік бақылауды кеңейту;
  • биржалық сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізілімін енгізу;
  • брокерлер мен клирингтік орталықтарды лицензиялау және оларды қаржы мониторингі субъектілері санатына қосу;
  • биржалық боттардың қатысуымен жасалатын шарттарды елеусіз деп тану;
  • әлеуметтік тауарлармен сауда жасайтын тауар биржаларына жоғары талаптарды енгізу.
Өзгелердің жаңалығы