Все новости за 8 қазан 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
«Тараз және түркі өркениеті» атты халықаралық конференция өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркі өркениетінің ошағы, тарихы терең Тараз – тек еліміздегі ғана емес, Орталық Азиядағы ең көне қалалардың бірі. Мұны айғақтайтын тарихи негіздер, мазмұнды мысалдар жетерлік. Бұл туралы облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен халықаралық ғылыми конференцияда жан-жақты айтылды.
-
Арыста заманауи медициналық кешеннің іргетасы қаланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала және ауыл тұрғындары үшін медициналық қызмет сапалы және қолжетімді болады. Арыс қаласына қарасты Дермене ауылдық округінің Саналы елді мекенінде заманауи талапқа сай медициналық емдеу-сауықтыру кешенінің іргетасы қаланды.
-
Рахат Жақсыбай: Құсбегіліктен ортаазиялық федерация құрылуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен ұлттық спорт түрі құсбегілік бойынша жиналыс өтті.
-
Оразалин инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Ақтөбе қаласын дамыту мен абаттандыру бойынша жобалардың жүзеге асырылуымен танысты.
-
«Барыс» қатарынан екінші рет жеңіске жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің СКА (Санкт-Петербург) командасымен өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
-
Елордада «Назқоңыр» атты концерт өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың Еркеғали Рахмадиев атындағы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы, «Халық ән» бөлімінің «Назқоңыр» атты концерті өтті. «Халық ән» бөлімінің көркемдік жетекшісі Телман Нұркенов.
-
Мәжіліс депутаттары көтерме-тарату орталықтарын құру мәселелерін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті 7-8 қазанда Қарағанды облысында «Көтерме-тарату орталықтарының желісін құрудың және дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында көшпелі отырыс өткізді.
-
Елордалық iKomek109 орталығы ПИК-тен МИБ-ке ауысуға қалай көмектеседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда ПИК-тен МИБ-ке (мүлік иелерінің бірлестігі) көшу бойынша жұмыстар жалғасуда.
-
ЕҚДБ жыл сайын мыңнан астам кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гендерлік теңдік – Қазақстанның тек әлеуметтік қана емес, сонымен қатар экономикалық өмірінің өзекті тренді. Әйелдердің экономикаға ат салысуы мемлекеттің тұрақты дамып келе жатқанының, әрі әр адамға бірдей мүмкіндіктер беріліп отырғандығының айғағы. Бүгінгі күні Қазақстанның ШОБ-тің 43% үлесін әйелдер кәсіпкерлігі құрайтынын атап өтейік.
-
2022 жылы құсбегіліктен Әлем чемпионаты өтуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен ұлттық спорт түрі құсбегілік бойынша жиналыс өтті.
-
Ералы Тоғжанов бастаған делегация БҚО-ның әлеуметтік нысандарын аралады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын түсіндіру және орындау жөніндегі жұмыс сапары аясында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған делегация Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік нысандарын аралады.
-
Республикадағы ең ауқымды айтыс осы болды – Жүрсін Ерман
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қалалық мәдениет басқармасы мен «ASSYLTAS» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 9-10 қазан күндері Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрында республикалық «ASSYL DOMBYRA» ақындар айтысының супер финалы өтеді.
-
Құсбегілер мәселесі талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен «Құсбегілік спортының Қазақстан Республикасында және шет елдерде дамуы» атты жиын өтті.
-
Журналистер арасындағы Нобель сыйлығының иегерлері белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ .«Новая газетаның» бас редакторы Дмитрий Муратов пен филиппиндік журналист Мария Ресса Нобель сыйлығын иеленді. Бұл туралы Ослодағы Нобель комитеті мәлім етті.
-
Берік Уәли: Құсбегілер мәселесін шешуді қолға аламыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен ұлттық спорт түрі құсбегілік бойынша жиналыс өтті.
-
Таразда жаңа спорт алаңы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласында жаңа әмбебап спорттық және ойын алаңы ашылды. Бұл облыс орталығының жасөспірімдері, жастары мен ересектері үшін нағыз сыйлық болды.
-
2022 жылы «Астана» атауы өзгереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлемдік турдағы Astana – Premier Tech велокомандасы 2022 жылы атауын өзгертеді. Бұл туралы «Нұр-Сұлтан кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Тастанбек Есентаев мәлім етті.
-
Жаңаөзенде тегін инклюзивті спорт секциялары ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Жаңаөзенде Р.Өтесінова атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде мүмкіндігі шектеулі балалар мен әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға арналған бочча мен адаптивті жүзу бойынша инклюзивті спорт секцияларының ашылу рәсімі өтті.
-
Балаева БҚО-ның зиялы қауым өкілдерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын іске асыру аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды.
-
Ұлттық кеңес мүшелері Денсаулық сақтау министрімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн-форматта Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысына қатысып, оның барысында коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай туралы баяндады.
-
Алматыда үздік мұғалімге пәтер беріледі
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов мұғалімдердің жалақысы қашан көтерілетінін және олардың біліктігін көтеруге арналған шаралар туралы айтты.
-
Алматыда сабақ басталғалы қанша оқушы коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов Өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте қыркүйектен бері қанша оқушы вирус жұқтырғанын мәлімдеді.
-
Тұтынушы үйіне жеткенше көмірдің бағасы неге өсіп кетеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстан темір жолы» елордалық журналистерге көмір өткізудің нүктелеріне баспасөз турын ұйымдастырды.
-
Алматыда жыл соңына дейін қанша мектеп пайдалануға берілетіні айтылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов Өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте мектеп салу жоспары туралы айтты.
-
Көмір тапшылығына дүрбелең қайдан туындап отыр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстан темір жолы» елордалық журналистерге көмір өткізудің нүктелеріне баспасөз турын ұйымдастырды.
-
Досаев Тоқаевқа есеп берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Министр: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі міндетті вакцинацияны алмағандар жұмысқа жіберілмейтіні туралы бұйрыққа қол қойды.
-
Қазақстанда сот шешемдерін болжауға мүмкіндік беретін цифрлық жүйе іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Аслан Түкиев «COVID-19 пандемиясы кезінде әділеттілікке қол жеткізу» тақырыбында өткен дөңгелеку үстелде айтты.
-
Пандемия кезінде сот жүйесінің жұмысы қалай өзгерді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Аслан Түкиев «COVID-19 пандемиясы кезінде әділеттілікке қол жеткізу» тақырыбында өткен брифингте айтты.
-
Елорда полицейлері үшін алғашқы медициналық көмек көрсету сабақтары өтеді
-
Коронавирустық инфекцияны анықтауға арналған зертханалық кешен ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында «Ұлттық сараптама орталығы» МК мен Израильдің AID Genomics халықаралық геномдық компаниясы арасындағы келісім шеңберінде коронавирустық инфекцияны диагностикалауға арналған зертханалық кешен ашылды.
-
Геннадий Головкин келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. IBF/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы чемпион Геннадий Головкин дайындықты бастап кетті.
Бұл туралы ол Instagram желісінде бөлісті.
-
Жапонияда жер сілкінісінен 32 адам жараланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияда жер сілкінді. Зілзаланың қуаты кей аймақта 6 балдан асты, деп жазды Хабар24.
-
Бас прокуратурада қылмыстық процесті жаңғырту кезеңдері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Басты қадағалау органында қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшу және азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесі мен алқаның отырыстары өтті.
-
Милад Карими қыркүйек айының үздік спортшысы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтында айдың үздік спортшысын анықтауға арналған дауыс беру рәсімі аяқталды, деп хабарлады olympic.kz.
-
Отандық көмірдің қанша пайызы сыртқа экспортталады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жылда КТЖ жүйесі бойынша орташа есеппен 100 млн тонна көмір тасымалданады.
-
Коронавирусты тұмаудан қалай ажыратуға болады?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының №8 емханасының бас дәрігері Фарида Ағыбаева Өңірлік коммуникация алаңында коронавирусты тұмаудан қалай ажыратуға болатынын айтты.
-
Вакцина алмағандар коронавирусты қайта жұқтыра береді – дәрігер
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының №8 емханасының бас дәрігері Фарида Ағыбаева Өңірлік коммуникация алаңында ауырып жазылған адамдардың коронавирусқа қарсы иммунитеті тұрақсыз болып келетінін мәлімдеді.
-
Жыл басынан бері көші-қон саласында 475 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтің басым бөлігі электронды форматта жүргізілуде. Биылғы жылдың 9 айында 475 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.
-
Парсылар Томиристің Кир патшаны жеңгеніне сенбейді – Сатаев
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Түркия елі Томирис фильмін жылы қабылдап, үлкен қошемет көрсетті. Бұл туралы кинорежиссер Ақан Сатаев BAQ.KZ тілшісіне пікір білдіру кезінде айтты.
-
Шалабекова етін жеуге тыйым салынатын үй жануарларын атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі Әлия Шалабекова Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президентін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакаваны қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Жануарларға қатыгездік көрсеткендер қалай жазаланады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі Әлия Шалабекова Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Antikor: Сенатор құзыретті органдардың міндетін атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент Сенатының депутаты Дана Нұржігіт мәлім етті.
-
Шалабекова жануарлар қалай «чиптелетінін» айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі Әлия Шалабекова Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Жануардың өмірі мен денсаулығына олардың иесі дербес жауап береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі Әлия Шалабекова Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Шәпкенов Қазақстан кәсіподақтарын кәсіби мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Республиканың кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлерін 10 қазанда атап өтілетін кәсіби мерекесімен, ал Кәсіподақтар федерациясын 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.
-
Елордалық оқушылар әскери ұшақтың тізгініне отырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық №54 мектеп-лицей оқушыларына авиациялық техниканы көрсетумен әскери-патриоттық тақырыпта ерекше сабақ ұйымдастырылды.
-
Досхан Жолжақсыновқа «Отан» ордені табысталды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Халық артисі, екі мәрте Мемлекеттік сыйлықтың иегері, театр және кино актері Досхан Жолжақсынов «Отан» орденімен марапатталды.
-
Онколог: Коронавирусты емдеу кезінде біраз адамнан қатерлі ісік анықтадық
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлемді індет жайлаған тұста онкологиялық ауруға шалдыққан науқастарға вирустың әсері қандай деген сұрақ баршаны толғандырары анық. Шын мәнінде коронавирус онкологияны қоздыра ма? Пандемия кезінде қатерлі ісік қалай емделеді? Қатерлі дертке шалдықпас үшін не істеген абзал? Технология дамыған жаңа ғасырда онкологиядан адам құлан-таза айығуға мүмкіндік бар? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алу үшін онколог дәрігер, Семей ядролық медицина және онкология орталығы директорының емдеу-диагностикалық жұмыстары жөніндегі орынбасары, MD, PhD Қуантқан Жабағинмен сұхбаттасқан болатынбыз.
-
Нобель сыйлығының лауреаты Қазақстан студенттеріне лекция оқыды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Майкл Спенс С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ студенттеріне лекция оқыды.
-
«Elorda zhastary»: Баспаналы болу үшін нені білу керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бір аптадан кейін елордалық жастарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Жоба аясында шамамен 200-ге жуық отбасы баспаналы болады. Енді бағдарламаға кімдер қасыла алады? Қандай құжаттарды жинау керек? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын материалдан оқи аласыздар.
-
Қазақстан құрамасының ойыншысы коронавирус жұқтырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық құраманың негізгі қорғаушыларының бірі Александр Марочкин алдағы матчтарға қатыспайды. Бұл туралы Prosports хабарлады.
-
Отандық балуан Әлем чемпионатында күміс медаль еншіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ослода өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында Жәмила Бақбергенова финалда Масако Фуруичиге есе жіберіп, күміс медальге ие болды. 72 келідегі ақтық сын 0:3 есебімен жапониялық балуанның пайдасына аяқталды.
-
Түркістанда банк қызметкері клиенттің атынан 5 млн алып, өз пайдасына жұмсаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері 5 млн теңгені алаяқтық жолмен алған деген күдікпен банк қызметкерін ұстады.
-
Кардиолог қан қысымын қалай дұрыс өлшеу керегін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Артериалдық қан қысымы - біздің жүрек-қантамыр жүйесі қалай жұмыс істейтінін айғақтайтын белгі.
-
«Айбын-2021»: Түркістанда республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елордада VII «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу салтанаты өтті.
-
Мүгедектігі бар балалардың жәрдемақы мөлшері 37%-ға дейін ұлғайтылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазанның екінші жексенбісінде Қазақстанда Мүгедектер күні атап өтіледі. Республикада 702 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қолдау және олардың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) бірінші кезектегі міндеттерінің бірі болып табылады.
-
Қазақстандық ЖОО-ның бірінде ғылымды қаржыландыру 13 есеге артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін халық алдында 2020-2021 оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы есеп беру барысында Amanzholov University ректоры Мұхтар Төлеген ғылымның даму барысы мен ЖОО-ның ғылыми жобаларының іске асырылуы туралы баяндады.
-
Бельгиялықтар төрткүндік жұмыс аптасына көшуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бельгияда жұмыс берушілерге төрткүндік жұмыс аптасын енгізуге рұқсат берілмек.
-
COVID-19: Латвияда төтенше жағдай жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Латвияда COVID-19 салдарынан денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай жарияланды.
-
Осы демалыста Павлодар облысы елордадағы жәрмеңкеде өз өнімдерін ұсынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы демалыс күндері, 9 және 10 қазанда «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда Павлодар облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
-
Мамин мен Конов полиэтилен өндірісін бірлесіп іске асыру мәселелерін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 7 қазанда ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин «СИБУР Холдинг» ЖАҚ басқарма төрағасы Дмитрий Коновпен кездесу өткізді.
-
Қазақстандағы бүгінгі эпидахуал қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 8 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
Елімізде КВИ мен пневмонияға шалдыққан 717 науқастың жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 8 қазандағы ақпарат жария етілді.
-
КВИ-ге қарсы екпенің 1-компонентін 7 810 611 адам салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе салдырған азаматтар туралы мәлімет берілді.
-
Жұқпалы індеттен айыққандар саны 3 мыңға жуықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 2 804 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Жазылып шыққандар арасында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары көш бастап тұр.
-
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 1 896 адам тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 7 қазандағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімет таратты.
Наверх