Елордада «Назқоңыр» атты концерт өтті

8 Қазан 2021, 22:00
1960
Бөлісу:
Елордада «Назқоңыр» атты концерт өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың Еркеғали Рахмадиев атындағы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы, «Халық ән» бөлімінің «Назқоңыр» атты концерті өтті. «Халық ән» бөлімінің көркемдік жетекшісі Телман Нұркенов.

Бұл кештің мақсаты халқымыздың ән-күй өнері сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға мирас болып келе жатқан баға жетпес рухани асыл қазынасын Алтайдан Атырауға дейінгі кең байтақ даламызда қазақ музыкасын өңірлік және орындаушылық ерекшелігіне қарай, Батыс әншілік мектебі, Жетісу ән мектебі, Сыр бойының әншілік мектебі, Арқа әншілік мектебі және Алтай, Тарбағатай әндерінің құдыретін көрсету.

Кеште Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері - Айгүл Қосанова, Гүлзира Бөкейхан, Мәдениет қайраткері - Секен Сыздықов,   Мәдениет саласының үздігі- Нұрай Танабаев, Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты - Сәулежан Тағзия, Өзгеріс Шерікбай, Перизат Тұрарова, Айгерім Нартүйе, Жандос Иманбай, Данияр Мұқан, Айнұр Қонысбаева Айдос Оңғарбай, Жақсыгелді Маясаров, Елбол Қуанбек, Бауыржан Нұрмұханов Нұржан Меирхан, Оспан Құлсымақ, Айбала Бейсенова, Алуа Қалымбекова, «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі және «Шалқыма» халық би ансамблі өнер көрсетіп, ел ықыласына бөленді.

          Ән - халықтың мұрасы. Ол сарқылмайтын мәңгілік қазына. Ән бүтіндей бір дәуірдің күйін шертеді. Ән арқылы өткен замананың сырын ұғуға, түсінуге болады. Себебі, жүректі қозғайтын өміршең, өнегелі әндер жайдан жай тумаған. Бір ән елдің тағдырын, толғанысын, енді бір ән ғашықтық дертті, тағы бірі дархан халықтың көңіл-күйін, бітім-болмысын, табиғатын суреттейді. Сондықтан халқымыздың ән өнері мен шығармашылығы шарықтап дами берсін.

 



Өзгелердің жаңалығы