Шалабекова жануарлар қалай «чиптелетінін» айтты

8 Қазан 2021, 12:49
1114
Бөлісу:
Шалабекова жануарлар қалай «чиптелетінін» айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі Әлия Шалабекова Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Жергілікті атқарушы органдарға жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді, жануарларды иелеріне беруге, жоғалған жануарлардың иелерін іздестіруге және үй жануарларын биостерилизациялау қажеттілігі туралы хабардар етуге бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастыру бойынша құзырет беріледі, - деді ол.

Шалабекова атап өткендей, қоршаған ортаны қорғауды, санитарлық-эпидемиологиялық және эпизоотиялық салауаттылықты, жануарлар үшін қажетті жағдайлар жасау мүмкін болмаған кезде халықтың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында иелері немесе жауапты адамдар олардың биостерилизациясын қамтамасыз етеді.

«Чиптеу» дегенге қатысты, заң жобасы үй жануарларын есепке алу өнімін иелері есебінен ақылы негізде пайдалана отырып, үй жануарларын міндетті есепке алуды енгізеді.Бұдан басқа осы айтылғандарды жоспарлы іске асыру және үй жануарларын есепке алуды жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ олардың иелеріне біржолғы жаппай жүктемені болдырмау мақсатында заң жобасында үй жануарларын міндетті есепке алу бойынша кейінге қалдыру нормасы көзделген, - деді ол.

Заң жобасы 2023 жылдың 1 қыркүйегінде қабылданады деп күтіліп отыр.

Өзгелердің жаңалығы