Қазақстандық ЖОО-ның бірінде ғылымды қаржыландыру 13 есеге артты

8 Қазан 2021, 09:45
2734
Бөлісу:
Қазақстандық ЖОО-ның бірінде ғылымды қаржыландыру 13 есеге артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін халық алдында 2020-2021 оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы есеп беру барысында Amanzholov University ректоры Мұхтар Төлеген ғылымның даму барысы мен ЖОО-ның ғылыми жобаларының іске асырылуы туралы баяндады.

Бұл туралы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Соңғы үш жылда ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен университетте 1 млрд 200 млн теңгеге 26 гранттық жоба және 127 млн теңгеге 18 шаруашылық келісімшарт жобасы, сондай-ақ Халықаралық бағдарламалар мен қорлардың бес жобасы іске асырылуда. Ғылымды қаржыландыру 2018 жылдың көрсеткішінен 13 есе асып, қазір 1 млрд 400 млн теңгені құрайды, – деді Мұхтар Төлеген.
Ректордың айтуынша, ғылыми базаны нығайту және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге үшін 2020-2021 оқу жылында жалпы сомасы 92 млн теңгеге 40-тан астам ғылыми жабдық сатып алынды.
2012 жылдан бастап Web of Science, Scopus ғылымиметрикалық базаларында ғылыми жарияланымдардың саны 20 есеге өсті. Профессор-оқытушылар құрамы арасында Хирш индексінің өсу көрсеткіші де жаман емес. Мәселен, 2017 жылы 7 адам болса, өткен оқу жылында 68-ге жетті. Университетте Erasmus + бойынша халықаралық жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, «STEM-бағыттағы мұғалімдерді даярлаудың интеграцияланған тәсілі» және «Jean Monnet Erasmus+" Digital Humanities in the Republic of Kazakhstan: local Solutions for Global Problems (2020-2023 жж.) бағдарламасын гранттық қаржыландыру бойынша ғылыми-білім беру жобасы», – деп атап өтті ол.
Айта кетейік, университет ғылыми-өндірістік кластерлер құра отырып, өңірдің ғылыми институттарымен және кәсіпорындарымен жұмыс жүргізеді. Соңғы жылдары ШҚО-ның ірі кәсіпорындары - «ТМК» АҚ, «Қазмырыш» АҚ, «ҮМЗ» АҚ, «KAZ Minerals» АҚ және басқа кәсіпорындармен байланыс нығайды.

Өзгелердің жаңалығы